Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының алда болатын сайлауына байланысты Үндеуі

Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының алда болатын сайлауына байланысты Үндеуі

Құрметті қазақстандықтар!
Алдағы сайлау еліміздің дамуы, демократиялық құндылықтардың нығаюы үшін өте маңызды.
Мемлекет сайлаудың ашық, адал, айқын және бә­секелестікпен өтуіне барлық жағдайды жасап отыр.
Оны баршаңыз көріп отырсыздар.
Электоралдық науқанның барлық кезеңіндегі заңдылықтарды сақтау қамтамасыз етілді.
Саяси партиялар бұқаралық ақпарат құралдарын тең дәрежеде пайдалана алды.
Сайлау процесіне қатысушылардың бәріне сай­лау­шыларын өздерінің сайлау алды тұғырнамасымен таныстыруға кеңінен мүмкіндік берілді.
Қай партияның ел мүддесіне арналған нақты бағдарламасының бар екенін, ал қай партиялардың тек бос сөз, алдау және жала жабумен жүргенін ха­лық нақты көрді. Барды жоқ деп, елге іріткі салатын­дарға халық өз әділ бағасын береді деп сенемін.
Халықаралық қауымдастық сайлауға зор ықылас танытып отыр.
Біздің болашағымыз, бірлігіміз, тұрақты­лы­ғымыз өзімізге, әрбіріміздің таңдауымызға байланысты болады. Осыны әркез есте сақта­уымыз керек.
Орталық сайлау комиссиясына сегіз халықаралық ұйымнан және 29 шетелден 819 бақылаушы тіркелді.
Сайлау туралы 118 шетелдік бұқаралық ақпарат құрал­ы ақпарат таратады.
Жалпы алғанда, электоралдық науқан белсенді жүр­гізілуде. Сіздер оны күн сайын көріп келесіздер.
Барлық әлеуметтік зерттеу халықтың басым көп­шілігі сайлауға қатысып, дауыс беруге ынталы бо­лып отырғанын көрсетеді.
Бұл кездейсоқ емес. Бұл белсенділік дұрыс. Се­бебі бұл – елдің 20 жылдағы тұрақты дамуының нақты нәти­жесі.
Біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Бүгінде ЖІӨ жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты. Өткен жыл­дың қорытындысымен салыс­тыр­ғанда эко­но­мика 7,5 пайызға өсті. Халық­аралық резерв жиын­ты­ғы 75 млрд АҚШ долларынан асты.
Бұл қаржыны не үшін жинап жатырмыз?
Бұл қаржы бізге жаңа дағдарыстар, қазіргі за­ман­да ешкім де қорғана алмайтын ката­клизм­дер ке­зін­де керек болады.
Егер сондай катаклизмдер бола қалса, бұл қаржы зей­нетақылар мен бюджеттік қыз­меткерлердің жала­қыларын уақытында төлеу үшін қажет.
Сіздер білесіздер, үш жылдың ішінде ғана қазақ­стан­дықтардың жалақылары мен зей­нет­ақылары екі есе өсті. Денсаулық сақтау мен білім беру салалары қарқынды жаңарып келеді.
Қазақстан халықаралық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады.
Сайлаулар – кез келген қоғам үшін әрқашан сынақ. Бізге де солай. Бұл қоғам­дық құндылықтарды, ұлттың тұтастығы мен қабылданған шешімдердің дұрысты­ғын тексеретін кезең.
Сонымен қатар бұл – әрқашан пікірта­лас­тар мен қатаң бәсеке. Бұл қалыпты демократиялық үдеріс.
Бірақ біз сайлаудың өмірдің белгілі бір кезеңі ғана екенін естен шығармауымыз керек.
Қазақстанның алдында жаңа міндеттер тұр.
Құрметті отандастар, әдеттегідей шына­йы әрі тура айтар болсам, өкінішке қарай, бізді қиын кезеңдер күтіп тұр.
Әлемдік экономиканың тұрақсыздығы экспортқа деген бағаның төмендеп, Қазақстан экономикасына әсер ететін жаңа дағдарыс толқынының туу мүмкіндігін жоғарылатады.
Біз бұған бірінші жыл дайындалып отырған жоқпыз.
Біз 2008-2009 жылдағы әлемдік қар­жы дағдарысын толықтай еңсере алдық. Оның қайталануы мүмкін екені жөніндегі болжамдарға қарамастан, біз азаматтары­мыздың жағдайын жақсарту үшін елімізді жаңғыртудағы бағытымызды жалғастыра береміз.
Біріншіден, біз азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды әлеуметтік жаңғыруды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.
Біздің жоспарларымыздың барлығы жалпыұлттық бағдарламалар арқылы бекітілетін болады.
Бұл «Сапалы өмір – 2030 », «Дені сау ұлт – 2030», «Ақпараттық Қазақстан - 2030».
Бұлар қаржымен қамтамасыз етілетін нақты бағдарламалар және біз оларды тиісінше жүзеге асырамыз.
Бұл бағдарламалардың орындалуы біздің елдің тұрғындарының бақуатты өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, еліміздің индустрияалдық-инновациялық дамуы жалғасын табады.
Біз өндірісті дамытып, Қазақстанға аймақтық және әлемдік деңгейде бәсеке­лесуге мүмкіндік беретін ғылыми техноло­гия­ларды енгіземіз.
Электрониканың, машина жасау, әуе құрылысы, локомотивтер мен вагондар өндірісі, құрылыс индустриясының жаңа салалары толықтай жұмыс істейтін бола­ды.
Біз еліміздің аграрлық секторына ерекше қамқорлық көрсететін боламыз.
Біз шикізатты өңдеу саласын жолға қоюды жалғастырамыз.
Біз мал шаруашылығына ерекше көңіл бөлетін боламыз. Біз ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында 2300 шаруа­шылық орталықтарын құрамыз.
Үшіншіден, біз қазақстандық қоғамның саяси жаңғыруын жалғастырамыз.
Сайлау қорытындысына сәйкес, кемін­де қоспартиялы Парламент жасақталады.
Біз құқық қорғау органдарын, әсіресе сот жүйесін реформалауды жалғастыра­мыз.
Жемқорлықпен ымырасыз күрес жал­ғасын табады.
Бұл еліміздің дамуының жаңа кезеңі. Біз барлық саяси партиялармен конструктивті негізде жұмыс жасаймыз.
Біз ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстары­мызды жалғастырамыз.
Біздің болашағымыз өзімізге, әрбіріміз­дің таңдауымызға байланысты. Біз мұны әрдайым есте сақтауымыз керек.
Қаңтардың 15-і күні қазақстандықтар өздерінің азаматтық парыздарын өтеу үшін сайлау учаскелеріне баратындықтарына және еліміздің көркейіп дамуы үшін өз таңдауларын жасайтындарына сенімді­мін.
Бұл сайлау Қазақстанды бұрынғыдан да қуатты, тұрақты, еңселі мемлекет болуы­на және реформалық, инновациялық саясатына мүмкіндік береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста