Қызылжарлық екі оқушы облыстық ішкі істер департаменті тарапынан полиция қызметкерлеріне қылмысты дер кезінде ашуға көмектескені үшін марапатталды.
Мектеп оқушылары Максим Ермаков пен Никита Воронцов облыс орталығында орналасқан «Северный» базарында жасалған қылмысты ашуға көмектескен. «Көмектесіңдер!» деген дауыс шыққан жаққа жалт қараған оқушылар әлдебір беймәлім ер адамның сатушының бутигінен ноутбук алып қашқанын байқап қалады. Балалар ойланбастан базардан шыға қашқан қылмыскердің ізіне түседі. Байқатпай, соңынан бақылай жүріп, қылмыскердің қай жерде кетіп бара жатқаны жайлы дереу полицияға хабар береді. Шұғыл іске кіріскен полиция қызметкерлері балалардың айтуы бойынша ізге түсіп, қылмыскерді құрықтайды.
Облыстық ІІД бастығы, Асхан Кажкенов, балаларға планшет, ата-аналарына алғысхат тапсыра отырып: «Оқушылар ерлік әрекет жасады. Ол жайлы олардың қатар-құрбылары білуі тиіс», – деді.
Мектеп оқушылары ерлігі үшін марапатталды
Последние статьи автора