Медициналық сақтандыру жүйесін дәрігерлер өздері түсіне алмай жүр

Медициналық сақтандыру жүйесін дәрігерлер өздері түсіне алмай жүр

«Шаңырақ» аналар мен ханымдар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Шараға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері, денсаулық сақтау саласының мамандары,  журналистер мен қоғам белсенділері қатысты. Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асырылған «Қазақстандықтардың МӘМС-ке жұмсалатын шығынына талдау жасау арқылы бағдарламаны енгізудің тиімділігіне баға беру» тақырыбындағы әлеуметтік жоба аясында өткізілген жиын барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің директоры Забира Оразалиева қордың 2020 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп бере келе, медициналық сақтандыру жүйесінің  толыққанды іске қосылуына әлемді шарпыған Пандемияның тигізген әсерін атап өтті.

«2017 жылдың жарты жылдығынан бастап қорға жиналған қаражат көлемі 500 млрд теңгеден астам сомма болған болса, сол қаражаттың басым бөлігі алдын-ала көзделмеген бағыттарға жұмсалды. Медициналық сақтандыру жүйесіне әрине сын тағушылар көп, дегенмен Пандемия МӘМС жүйесін енгізу барысында жүйелі әрі тұрақты жұмыс жүргізуге өзінің кедергісін келтірді»-деді  Забира Жандарқызы.

Медицина саласы қызметкерлерінің арасында МӘМС сұрақтары бойынша жүргізілген сауалнамаға талдау жасаған Phd доктор, МӘМС сұрақтары бойынша ұлттық тренер  Маржан Бримжанова өзінің баяндамасында медицина саласы қызметкерлерінің соңғы үш жыл қатарынан медициналық сақтандыру бойынша жүргізілген жүйелі түрде біліктілікті арттыру курстарына қарамастан, мамандардың әлі-де болса            медициналық көмекті көрсету пакеті бойынша білімдерінің жетпей жатқандығы қынжылтатынын атап өтті. Себебі, алдыңғы шепте жүрген емхана қызметкерлерінің медициналық сақтандыру бойынша жүргізген ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының төмеңгі деңгейде болуы, бүгінгі тағда тұрғындар тарапынан денсаулық сақтау саласына қатысты наразылық легін туындатып отыр.

 «Медициналық мекемелер мен МӘМС қорының арасындағы байланыс, сақтандыру жүйесін елімізге енгізу жолындағы ең маңызды іс-шаралардың бірі. Дегенмен, медицина қызметкерлерінің бұл ара-қатынас жөніндегі ойларын білу барысында ұғынғанымыз, мамандардың  24,3% - толық қанағаттанады, 12% - мүлдем қанағаттанбайды, ал  сауалнамаға  қатысқан мамандардың басым бөлігі бұл сауалға жауап беруден бас тартқан. Медицина саласы қызметкерлерінің өзі МӘМС жүйесі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қандай  әсерін тигізді  деген сауалға 34,6 % -ы ғана өте жағымды деп жауап берген. Бұл нені көрсетеді? Мамандардың медициналық сақтандыру жүйесін толық түсіне алмайтындығын ғана!»-деді Маржан Диханқызы.

МӘМС жүйесінің  толықтай сапалы жүргізілуіне жауапты медицина қызметкерлерінің өзі медициналық сақтандыру шеңберіндегі сауалдарға 100% жауап бере алмайтын болса, қарапайым халық арасында сақтандыру жүйесіне қатысты сын пікір мен сансыз сауалдардың пайда болуы түсінікті жағдай.

Дөңгелек үстел барысында, медициналық сақтаныру жүйесі төңірегінде айтылған сын-пікірлерге қатысты  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің директоры Забира Оразалиева өзінің пікірін білдіре отырып, көш жүре түзелетінін және Қор тарапынан үздіксіз азаматтарға  ақпараттық жұмыс жүргізуге  бағытталған әрбір өңірде арнайы қызметкерлер бар екенін атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста