Медиация дегенше, билер соты десеңші...

Мансұр ХАМИТ (фото)

«Медиация туралы» заң жобасын осыдан біраз бұрын Мәжіліс жұмысқа алып еді. Кешегі отырыста мәжілісмендер мұны бірінші оқылымда мақұлдады. Тоқтала кететін жайт, құжаттың теориялық бағытына академик Салық Зимановтың зерттеу жұмыстары негіз болыпты. Ал ондай зерттеудің түп-тамыры қазақтың билер сотына барып тіреледі екен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ даласына кешегі билер сотының өркениеттік үлгісі қайта оралып жатыр.
Заң жобасының атауына қатысты осы құжат жұмысқа қабылданған күні-ақ мәселе туындаған еді. «Бітімгершілік», «ымыраластық» етіп алуға болатындығы меңзелген. Дегенмен әзірлеуші тарап халықаралық қабылданған терминнен аса алмапты. Әйтсе де атауға қатысты тұшымды мәселелерді депутаттардың өздері қолдаса, «қатып қалмаған дүние» еместігін, келісе пішуге болатындығын байқатады. Құжатта «медиация» ұғымына анықтама беріліп, негізгі принциптері, қолданылу аясы, медиаторлардың құқықтық мәр­тебесі мен оларға қойылатын талаптарды белгілеу қарастырылады. «Заң жобасы бойынша, дауларды жеке қарсылық аясынан шығарып, мүдделі пікірталас аясына беру көзделеді. Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда қарау барысында шешу іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады. Уақытты үнемдейді, соттарда қаралатын істердің саны да айтарлықтай азаймақ. Бұдан бөлек заң жобасының әлеуметтік бағыты да баршылық. Себебі жергілікті қауымдастық деңгейінде пайда болған кейбір жанжалдарды медиация арқылы шешу мүмкіндігі көзделіп отыр», – деді депутаттар алдында заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков. Оның айтуынша, дауларды сотқа жеткізбестен, өзара бітімгершілікпен аяқтау судьяларға жүктемені азайтып қана қоймайды, «қоғамда орын алып отырған даулардың шешімін табуға септігін тигізіп, мемлекеттік мекеме атына айтылатын сынды да азайтуы» әбден мүмкін.
                      Мансұр ХАМИТ (фото)
Құжатты талқылау барысында әр нәрсеге үңіле түскен халық қалаулылары әлгіндей медиация институтының қазаққа жат емес, қайта өзімізден туындаған ежелгі дүниеміз екендігіне мән берісті. «Мұсеке, мынау жақсы заң екен. Өзіңіз келіп, баяндағаныңыз да дұрыс болды», – дейді Мәжілістің ақсақал депутаты Кенжеғали Сағадиев Жоғарғы сот төрағасына риза­шылық білдіріп. Депутаттың пайымда­уынша, заңның жалпы сипаты мен тұжы­рымдамасы баяғы қазақтың ықылым заманнан қолданып келе жатқан билер сотының үлгісі іспеттес. «Мұны өркениетті Еуропада тәжірибеде бар деп жүр. Тарихтан белгілі, қазақ осының бәрін ықы­лым заманнан қолданып келген. Өткенде бір басқосуда біз қазақтың билер сотын бүкіл әлем өркениетіне қосқан үлесі деп жарияладық. «Қазақтың билер соты – ең әділ, ең ізгі, ең демократияшыл сот жүйесі» деп көп ел мойындады. Ал енді өзімізде жарып шыққан мәселені неге медиация деп атадық? Неге билер соты деп атамасқа?! Бұл басқа емес, қазақтың, біздің бабаларымыздың әлем өркениетіне қосқан сүбелі үлесі ғой. Ендеше, соны қазақы етіп атасақ, кімге қиянат? Неге өзімізді басқаға танытып, көрсете алмай отырмыз?» – деді Кенжеғали Әбенұлы. Жоғарғы сот төрағасы да салған жерден «жобаның» қоғамға етене жақын тұстарын санап шықты. «Бір кездегі қазақтың билер сотының қазіргі сот жүйесінен ерекшелігі, ондай билерді ешкім сайламаған да, тағайындамаған. Бұқара халық өзі мойындап, әділдікті ту еткендердің алдына жығылып отырған. Екіншіден, қазақ билері әділ төрелік жасағанда ең алдымен келген шығынды қалпына келтіру мәселесін қаперде ұстанатын. Бұл да – бүгінгі біздің қоғамның сұранып тұрған өзектісі (медиацияның негізі де – осы). Бұдан бөлек қазақ билерінің қабылдаған шешімдері жазбаша түрде жүргізілмеген еді. Осы тұрғыдан алсақ та, медиацияға өте ұқсас: шешімдер ауызша қабылданады. Әрі ол шешім орындалған. Билер шешімі орындалмаса, «аластау» туралы үкімдер де шығарылған. Тоқ етері, біз баяғы қазақ билері сотының бүгінгі көрінісін қабылдағалы жатырмыз», – дейді Мұсабек Әлімбеков.
Сонымен, бірінші оқылымда мақұл­дан­ған заң жобасы арқылы бұрынғы билер соты жаңғырып, ол медиация институты ретінде дүниеге келеді. Сол арқылы қоғам өз ішіндегі дауларды өзі шешеді, сотқа жеткізбестен, бітім жасауға құқы болады. Заң жобасы соған тиісті жағдайды қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Сырттағы қазақтардың қамын кім ойлайды?
Өткен жолы «Өзбекстанда қазақ отбасын бауыздап кетіпті» деген гу-гу сөз шығып еді жұрт арасында. Әлгі жел сөз жақында ғана жұрт аралап оралған депутаттарға да жетіпті. Кешегі отырыста Амангелді Момышев осы мәселені арқау етіп, СІМ-ге, Қазақстан халқы ассам­блеясы төраға­сы­ның орынбасарына сауал жолдады. Қан­ды оқиғаның мән-жайына келсек, Өзбек­стандағы Ташкент облы­сы Қыбырай ауданында бес адамнан тұра­тын қазақ отбасын түгел бауыздап кеткен. Нақты ақпарат жоқ, әйтсе де оқиға Құрбан айт мерекесі қарсаңында орын алған тәрізді. «Қандықол қарақшының қолынан қаза болған қазақтар Өзбекстан азаматы болған күннің өзінде де Қазақстан жағы бұл қылмыстың бетін ашуға араласуы тиіс. Ал мына жағдайда Сыртқы істер министрлігінің де, Қазақстан халқы ассам­блеясының да, Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығының да шет мемлекеттер­де тұратын қазақтардың құқықтары мен мүд­делерін тиісті дәрежеде қорғай алмаға­нын көрсетеді. Жан түршігерлік оқиға­ға қатысты СІМ мәлімдеме жасауы шарт еді, ассам­блея комиссия құрып, мұндай жағдайға не әсер еткенін анықтап, марқұмдарды жерлеу рәсімдерін де қолға алуы тиіс еді. Ал Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары шетте тұратын отандастарымыздың құқық­тарын қор­ғамай, не бітіріп отыр? Бір қазақ отбасын түгел жалмаған қылмыс ассамблея мен Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығын неге ойландырмайды?!» – деді Амангелді Ар­шабайұлы. Бұл ретте депутат ассамблея мен Дүниежүзі қазақтары қауым­дасты­ғының шетелдік отандастармен жұмыс істемейтіндігін, олардың мүд­делері қор­ғалмай отырғанын айтып, «Елбасының шетелдегі қазақтарға жасаған қамқор­лы­ғын көрсете алмай отырсыздар» деген рені­шін де жасырмады. Сонымен қатар депутат 1,5 миллионнан астам қазақ тұратын Өзбек­стандағы қандастарды елге көшіру туралы арнайы шара қабылдануын, 2011 жылдан бастап оларды Отанына әкелуді талап етті.
Қазақтар «қартайып» барады...
Депутат Айткүл Самақованы ойланды­ратын мәселе осы екен. Мәселен, депутат ұсынған мәліметке сүйенсек, әлем елдеріндегі секілді, Қазақстанда да халық­тың қартаю үдерісі, белсенді түрде жүріп жатқан секілді. Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымының анықтауы бойынша, 65-тен асқан адамдар қарт адамдар қата­рына жатқызылса, бүгін Қазақстан­да­ғы мұндай санаттағылар 1,1 млн адамды құрайды. Бұл – жалпы халық санының 7,14 пайызы. «Әлгі 7 пайызды аттаған мем­лекеттер халқы қартайған елдер қа­тар­ына жатады. Ал біз 2002 жылы-ақ ол деңгейден өтіп кеттік. БҰҰ сарапшы­ла­ры­ның бағалауына сүйенсек, Қазақстан шап­шаң қартайып бара жатқан мемлекет­тер қатарында тұр. Олардың болжауы 2050 жылы елімізде 25 пайыз егде адам­дар болатынын көрсетеді», – деді А.Самақова. Депутат ханымның айтуынша, еліміздегі егде тартқан адамдардың үштен бірі материалдық қиындықтарға ұры­нып жатса, 40 пайызы өздерінің ден­сау­лық жағдайын нашар бағалаған. Осы­ған орай А.Самақова егде адамдарды әлеумет­тік қолдауға қатысты бірқатар шара атқарылуы тиістігін, заң жүзінде тиісті нормалар қабылдау қажеттігін айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста