Іле-Алатау табиғи саябағындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндірушінің мұрагерлеріне 13 млн теңге көлемінде бір реттік өтемақы төленеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар жерлеу шығынына 600 мың теңге көлемінде өтемақы беріледі, жерлеуге кеткен барлық шығынды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өз мойнына алды.
«Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбековті мемлекеттік наградамен марапаттау туралы президент әкімшілігіне ұсыныс жолдады. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімдігіне Құрманбековтың анасына әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй бөлуді қарастыру үшін өтінішхат жіберілді», — делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.