Мәжіліс депутаты халықтың бақуаттылығын арттыру бойынша нендей жұмыс атқарылатынын айтты

Мәжіліс депутаты халықтың бақуаттылығын арттыру бойынша нендей жұмыс атқарылатынын айтты

Қарапайым азаматтардың бақуаттылығы - кез келген мемлекеттің өркениеттілігін, даму деңгейін айқындайтын өлшем. Сондықтан, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, бақуаттылығын арттыру – маңызды мемлекеттік міндет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Әлия Әбсеметова айтты.

 
«Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының басты әрі негізгі мақсаты дa - осы. Менің депутат ретіндегі рөлім осы көзделіп отырған міндеттердің орындалу деңгейін бақылап, атсалысу болғандықтан, алдағы атқарылар жұмыстар жөнінде толығырақ баяндаудың маңызы зор деп есептеймін. Билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болудың мәні де осында жатыр», - дейді депутат.

Nur Otan партиясының 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасында халықтың бақуаттылығын арттыруды көздейтін 362 бағыт бар. Аталған бағыттардың 175-і, яғни барлық іс-шаралардың 48%-ы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бақылауында.

«Соның ішінде маған 9 бағыт бекітілген. Бұл бағыттар бойынша арнайы жол картасы бекітіліп, оған сәйкес жұмыс басталып кеткенін тілге тиек еткен жөн. Бүгінгі мақалада мен өз бақылауымдағы осы 9 қадам бойынша толығырақ айтып өтпекпін», - деп тоқталды Әлия Әбсеметова. 
Бақуаттылық жайында сөз қозғалса, әлбетте, елдегі тұрғын үй мәселесі бой көтереді. Осы тұста жоғарыда аталған бағыттардың бірі - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтан жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институты – «Отбасы банкін» құруға арналып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бұл тапсырманы 2020 жылғы 11 мамырда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан болатын. 

«Отбасы банк» тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын банк болып қала береді және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары операторының өз функцияларын өзгертпейді. Алайда биыл «Отбасы банк» тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады деп жоспарланып отыр. Ендігі міндет - қолданыстағы кезектілік жүйесін әкімдіктерден «Отбасы банкіне» беру және тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын» құру. Бұл тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың баспаналы болуын жеңілдетері сөзсіз», - дейді депутат.
Бұдан бөлек, өскелең ұрпақты сапалы біліммен «қаруландыру» - дамыған елдермен деңгейлес болудың, бәсекеге қабілетті қоғам құрудың басты тетігі.

«Бұл орайда Nur Otan партиясы елдегі білім сапасына байланысты ахуалды егжей-тегжейлі зерттеп, қолға алынуы тиіс нақты міндеттерді іске асыруға кірісіп кетті. Мәселен, бала тәрбиесінде мектептің, сол сияқты ата-ананың  жауапкершілігін күшейтуді көздейтін, мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу көзделіп отыр. Жаңа форматқа көшу биылдан бастап жүзеге асырылмақ. Тек қана 2021 жылы мектептердің 80%-ын, ал 2025 жылға дейін 100%-ға дейін көшіру жоспарланған. Бұл қадамдар «Барлығына бірдей мүмкіндіктер», оның ішінде «Отбасы институтын нығайту» бағыты бойынша іске асырылмақ», - дейді Әлия Әбсеметова.
Сонымен бірге, «Бақытты балалар», «Балаларға үздік білім беру» бағыттары бойынша бірқатар қадамдарды қолға алу қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз ету (2020 жыл – 98,7%), 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамтуды қамтамасыз ету (2020 жыл – 77,2%), мектепке дейінгі ұйымнан орын алу үшін балаларды кезекке қою бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді толық автоматтандыру, барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу және «балалар үйірмелерін» жаңғырту,  барлық мектептерде спортпен айналысу үшін жағдай жасау (2020 жыл – 87%).

Оның ішінде, тек биылдың өзінде елдегі спорт секцияларының санын 127 мыңға, балалар үйірмелерін 22,5 мыңға жеткізсек, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті бес есеге дейін арттыруға ұмтылуымыз керек. 

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға сеп болатын тағы бір маңызды факторлардың бірі - олардың кәсіби деңгейін арттыру, білім саласын жетілдіру.  Бұл тұста, кез келген қоғамның тірегі – саналы, білімді, өрелі жастар екеніне де дау жоқ. Сол себепті, осы салада қолға алынуы тиіс мәселелердің бірі - жоғары оқу орындары мен колледждердің бағдарламаларын жаңарту, кәсіпкерлік, экологиялық, мәдени білім негіздері бойынша жаңа пәндерді енгізу болып отыр. Аталған міндеттерді биылдан қалдырмай еліміздің ЖОО-ы мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында орындалуын толықтай қамтамасыз етуіміз қажет», - дейді Мәжіліс депутаты. 
Өркениетті қоғамның тағы бір ескерілуі қажет салаларының бірі – экологиялық проблемаларды оңтайлы түрде шешу. Nur Otan партиясы осы бағытта тұтас кешенді іс-шараларды қолға алмақ. Бұл ретте мен «Ұқыпты қоғам – таза экология» тармағы бойынша нақты «Үздіксіз экологиялық білім беру моделін қалыптастыру, барлық ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту» қадамын жүзеге асыруға қатысамын. Әлбетте, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінің өзі ұзақ уақытты, дағдылану кезеңін қамтитын күрделі іс. Бұл бір жыл көлемінде жасалатын дүние емес. Сондықтан партия аталған қадамды кезең-кезеңімен іске асыруды көздеуде. Биыл бұл қадамның орындалуын 70%-ға, ал алдағы бес жыл ішінде 100%-ға дейін жеткізу міндеті тұр.  

«Міне, жоғарыда атап көрсеткен қадамдар елдегі отбасылардың бақуаттылығын арттыруға сеп болары анық. Отбасы институты, сапалы білім, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу және осы салаларды жетілдіру арқылы біз қоғамдағы көптеген түйткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік аламыз», - деп түйіндеді ойын. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста