Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына 72 шетелдік байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мұхтар Ерман 2023 жылдың 20 қаңтарында халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы аккредиттелгенін хабарлады.
Бүгін аккредиттеуге 3 шет мемлекеттен 7 байқаушының кандидатуралары ұсынылды. Армения Республикасы мен Грузия Орталық сайлау комиссияларынан 2 кандидатура және Франция Республикасынан 3 кандидатура.
Сонымен қатар ол аккредиттеуге ұсынымдар түскен сайын байқаушылар бойынша деректер жаңартылатынын атап өтті.