Маскүнемдер медбикелерге бағынбай жатыр

Мансұр ХАМИТ (фотолар)

Осыдан екі жыл бұрын қолға алынған құқық қорғау саласындағы реформаға сәйкес, медициналық айықтырғыштар Ішкі істер министрлігінің қарауынан алынып, Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына өткен болатын. Жұмыс тиімділігін арттырады, гуманистік қадамға апарады делінген осындай игі шарадан да кінәрат шыға бастаса керек. Кеше Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы мас күйінде айықтырғыштарға әкелінетіндерге ақ халатты абзал жанның қамқорлығынан гөрі «қызыл жағалылардың» қызмет-қарекеті көбірек керектігін алға тартты.
Расында, сонау жылдардан бері медициналық айықтырғыш ішкі істер органының құзырына қарап, кейіннен органдарды «өзіне тән емес қызметтерден айыру» мақсатында бұл денсаулық саласына қарай реформаланған еді. Тағы бір ақиқаты – маскүнемдер де, нашақорлар да қылмыскер емес, сондықтан да оларды барынша сауықтырып, қатарға қосу Денсаулық сақтау министрлігінің міндеті болатын. «Алай­­да  медициналық айықтырғыштарды Ішкі істер ми­нистр­лігінің құзырынан алып, Денсаулық сақтау ми­нистр­лігіне бергеннен кейін біраз қиындықтар туын­дады. Айықтырғыш уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына айналды. Мас немесе масаңдау күйінде әкелі­не­тін­дер  орталықтың меди­цина қызметкерлерінің ырқы­на көнбей, түрлі ем-шараларды алудың өзінен бас тартып жататындары жиі кездесуде. Мұның өзі дәрігерлердің күнбе-күнгі жұмыстарын  қиындатып жатыр», – деп дабыл қақты сенатор Мұрат Бақтияр­ұлы. Сондықтан да де­пу­тат медициналық айықтырғыштарды бұрынғысынша Ішкі істер министрлігінің құзырына бергенді құп көреді екен. Бұл ғана емес, сенатор Бақтиярұлы ілгерідегі ре­формалар дүмпуімен наша­қорларды мәжбүрлі  түрде емдейтін  наркологиялык мекемелердің күзеті де бәсекелестік ортаға беріліп кеткеніне қарсы. Өйткені, депутаттың пайымынша, нашақордың көп­шілігі – кезінде қыл­мыс­ты болғандар, сол үшін жаза­сын өтеп шыққандары да бар­шылық. «Сондықтан олар  кей жағдайда түрме ғаде­тімен өмір сүруге бейім тұра­ды. Соның салдарынан тәртіп бұзу оқиға­сын жиілетіп жібереді. Бұдан бөлек, наша­қорларды алты айдан екі жылға дейін меди­ци­налық жолмен мәж­бүр­лі емдеу шаралары да өз нәти­жесін  берер емес. Себебі науқастарда емделіп шығу­ға  деген ынта мен ықылас та (мотивация) жоқ. Ем­деліп шық­қаннан кейін ондайлар өздері­нің  жұмысқа орна­ла­сып, қоғам­ға бейімделе алмайтындықтарын біледі де, наша­қорлыққа қайыра  бой алдырады», – дейді Мұрат Бақтиярұлы.
Осындай олқы дүниелерді еске ала ке­ле, депутат кешегі келмеске кеткен Кеңес Ода­ғында қолданған тиімді тәсілді нұс­қай­ды. Бұл – мәжбүрлі еңбек терапиясы бар ем­деу-еңбек мекемесі. «Бәлкім, осыны қай­та жаңғырту қажет болар» деген ойын ор­таға салған сенатор қазіргі қолданыстағы тә­сілдің тиімді етпек тұрмақ, керісінше ма­сылдықты өршітіп отырғанын айыптады. Ра­сында, алты айдан екі жылға дейін (кей өңір­лерде үш жылға дейін) тегін тамақ, те­гін жатын орын және тегін ем-доммен қам­тамасыз ету, ақыр аяғы осыншама уа­қыт құры жатқызу науқас-нашақордың бо­йындағы масылдық дертін одан сайын те­реңдететін тәрізді. Сөйтіп, бұрын наша­қор болса, оның үстіне масылдық та килі­ге­ді. Бұлардың арасында «адамды адам ете­тін – еңбек» қағидаты да қалыс қа­ла­тыны көзге ұрып тұр. Осындай ойларын ай­та келе, сенатор ұлттың психикалық сау­лы­ғына қатысты мәселені де көлденең тар­тады. «Қазіргі жаһандану заманында бұ­рын­ғы нашақорлық пен маскүнемдік дер­тіне қоса,   уытқұмарлық пен ойын­құ­мар­лық, суицид, лаңкестік, діни экстре­мизм сияқты жат құбылыстар қоғам бо­йы­на дендей бастады. Бұл ендігіде ел аза­­мат­тарына  пси­хологиялық және  пси­хиа­триялық көмек көр­сетуді жетілдіріп, жақ­сартуды талап ететін се­кілді. Кезінде АҚШ Президенті Дж. Кен­неди өзінің кезек­ті бір жолдауында «Құрама Штаттар үшін ең басты проблема, бұл – ұлттың пси­хи­калық саулығы» деп аме­рикалықтарға көр­­сетілетін психологиялық көмек қар­жысын еселеп жіберген еді. Сөйтіп, ұлттың са­лауатты болуына жол аш­қан. Бізге де осы тұсқа ден қойған аб­за­лырақ», – дейді Бақ­тиярұлы. 

Шәмші ескерткішіне қаржы қолбайлау болып тұр
Былтырлары Сенаттың бір топ де­путаты Қазақстанның Халық әртісі, Қа­зақ­­стан Республикасы Мемлекеттік сый­лығының лауреаты, Мемлекеттік Әнұран авторла­рының бірі, көрнекті ком­позитор Шәмші Қалдаяқовтың шы­ғар­машылығы мен мұ­расын ұлықтауға бай­ланысты мәселе көтерген болатын. Содан бері Шәм­шінің шек­сіз шы­­ғармашылығын ұлылық­тауға ар­налған шаралар жү­зеге асы­рып келе жатқаны белгілі. Мә­се­лен, Ш.Қал­даяқов атын­дағы «Менің Қа­зақ­ста­ным» атты ән фес­тиваліне дем бітті. Шара Ас­танада үшін­ші рет өткелі отыр. «Қа­зақ­фильм» ки­ностудиясы Қал­дая­қов жа­йында де­ректі фильмді түсіріп, аяқ­таған. Ас­тана қа­ласының жаңа көше­ле­рінің бі­ріне атақ­ты сазгердің де есімі бе­рілді. Мі­неки, осындай игі шара­ларға мән берген сенатор Айтаханов тағы бір мәсе­ле­нің ұшын шы­­ғарды. «Алматы қала­сы­ның әкі­мі қа­ла­ның Республика сарайы жа­­нындағы сая­бақтан Шәмші ескерткішін ашу үшін 2014 жылғы 20 наурызға де­йінгі мер­зім­ге уақытша пайдалануға жер те­лімін бер­ді. Алайда жер бөлінгенімен, ес­керткіш орнатуға қаражат болмауына бай­ланысты сазгер ескерткіші бекітілген мер­зімде ор­на­тылмай қалуы әбден мүм­кін», – деп қын­­жылады сенатор Қуаныш  Ай­та­хан­ұлы. Осы­ған орай, депутат бүкіл саналы ғұмырын ұл­ты­ның ру­хани кемелденуіне арнаған, биік рухты, мәң­гі өшпес әндері арқылы ха­лықты отан­­сүй­гіш­тік­ке, ел мен жерге адал­дыққа тәр­биелеуге қыз­мет етіп келе жат­қан Ш.Қалдаяқовтың аты­на сай ең­селі ес­керт­кіш орнатуға бюд­жет­тен қар­жы қа­рас­тыруды сұрады. «2013 жылға ар­нал­ған бюджетте осы мәселе қа­пы­да қал­маса игі», – дейді Айтаханұлы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста