Маңғыстауда салмағы 6 келіге жуық алып қыз дүниеге келді

Маңғыстау облысында салмағы 5 келі 800 грамм алып қыз дүниеге келді, – деп хабарлады turkystan.kz.

Сәби 19 қаңтарда дүниеге келген. Ол – Форт-Шевченко қаласының 26 жастағы тұрғынының бесінші баласы. Дәрігерлер бала салмағының үлкен болатынын алдын ала болжаған.

«19 қаңтарда сағат 12.35-те салмағы 5 800, бойы 65 см қызды дүниеге әкелдім. Жағдайым жақсы. Барлық дәрігерлерге алғысымды айтамын. Мен көп балалы анамын, бұл – менің бесінші сәбиім. Балаларымның барлығы ірі салмақпен дүниеге келді», – деді жас ана Айгүл Жұмбаева.

Мұндай балалардың туу себептері әртүрлі болуы мүмкін, ал Айгүл Жұмабаеваның жағдайында генетикалық тұқымқуалаушылық бар.

«Баланың ірі болатынын білгенімізбен операция жасауға негіз болған жоқ. Әйелдің денсаулығы жақсы болды. Жалпы, алып ұрықтың пайда болу себептеріне эндокриндік аурулар, витаминдерді қабылдау және тұқымқуалаушылық жатады», – деді Ақтау қалалық периниталдық орталығының дәрігері Әйгерім Тәңірбергенова.

Айта кетсек, өткен жылы Ақтау қалалық перзентханасында 17 алып сәби дүниеге келген. Қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген балалардың ең ірісі – 6 200 кг болды.

turkystan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста