7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілері жұмыс жасамайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Мемкірістер комитетіне сілтеме жасап жазды.
Мереке күндеріне байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілерінде адамдар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді.
Қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуді жоспарлан отырған барша көпшіліктен шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз» деп ескертеді комитет.