Мамыр айында бас қала бойынша МӘМС жүйесіне 5,5 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы қордың елордалық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтардан 25,3 млрд теңгеден аса жарна аударымдары түскен. Ал осы жылдың мамыр айында елордалықтар 5,5 млрд теңгеден аса жарна аударған. Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 31 мамыры аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарна 126,1 млрд теңгеден асады, – делінген қор таратқан хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы жылдың мамыр айында 5,5 млрд теңгеден аса жарна түсті. Оның 3,1 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің аударымдары, жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 2,4 млрд теңгеге жуық.
Ал 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 25,3 млрд теңгеден аса жарна аударған (оның 13,9 млрд теңгеден астамы жұмыс берушілердің аударымдары, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 11,4 млрд теңгеге жуық.
2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 12 694 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 54,4 млн. теңгеге жуық соманы құрайды, ал осы жылдың мамыр айында 8197 БЖТ төлеушілерден түскен жарна 11 млн теңгеден асады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/mams-mamyr-ayynda-elordalyqtar-qorga-55-mlrd-tengeden-asa-zharna-audargan-280672/