Мал дәрігері деген мамандық бар емес пе еді?..

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Сырт көз аграрлы ел санағанымен, ветеринария мамандарынсыз жүргенімізді олар біле бермейді, абырой болғанда. Әйтпесе Қазақстандағы ауыл шаруашылығының үштен бірі дәтке қуат болар ветеринария маманынсыз отыр. Дәл осы күні ауыл-аймақтағы ағайынның түлігін тексеріп, тергейтін жүз мыңға жуық маман керек екен. Оның арасында агроном, зоотехник, мал дәрігері, фельдшерлер, техник-технологтер де бар. Малымен жан баққан жұрттың көпшілігі түлігінің асқа жарамды-жарамсыздығын білместен, азық етіп жүргені де рас. Ал 2016 жылы шекара асырып, 60 мың тонна ет экспорттайтын болсақ, маманы жоқ қазақтан бөгде елдің бір асым ет ала қоярына күмәнмен қарамасқа шара тағы жоқ.
Еліміздің 7066 ауылдық елді мекендерінің 3094-інде немесе 44 пайызында ветеринар мамандар жоқ. Барының жұмысы нормативтен бірнеше есе артық. Рас, ауыл шаруашылығына құйылып жатқан қаржы қисапсыз. Ол миллиард­тар­ды құрайды. Бірақ сол түліктің тамырын басып, жем-шөбін дайындап, өнімін қадағалайтын маманның қаттығы ол миллиардтардың құмға құйылған сумен теңдігіне бәс тігуге бар. Себебі мал шаруашылығында ветеринария маман­да­ры­ның орны алабөтен. Түліктің өсімі, жұқпалы ін­дет­тен адалдығы, өнім ретінде пайдаланылуы тікелей осы мамандарға қарап тұр.
Жария етілген Ауыл шаруашылығы министр­лі­гінің деректеріне үңілсек, елдегі алты аграрлық жоғары оқу орнынан жылына 1,5 мың ветеринария ма­ман­да­ры шығады екен. Солай бола тұрса да, ветфакультет түлектері басқа салаға кетеді. Яки жалақысы жоғары коммерциялық клиникаларға орна­ла­са­ды. Олардың ауылға баратыны 4-5 пайыз болса керек. Оған себеп ауылға барған мұндай маман­ның жағдайы жоқтығы дескен еді.
Ал 2012 жылдан бастап ветеринария саласы­ның мамандары да «Дипломмен – ауылға» бағ­дар­ламасына енген-ді. Дегенмен одан беріде жағдайдың жақсарып, оңалып кеткені де шамалы. Ресми мәліметтер отандық ветеринария сала­сын­да­ғы жұмыс орындарының 13 %-ы бос тұр десе­ді.
Жасыратын несі бар, Кеңес кезінде мал шаруа­шы­лығында жүргендердің бір ұртынан май, бір ұртынан құрт аққан заман болған. Кеңшар дирек­тор­ларына қарағанда, бүтін бір кеңшардың төрт түлігі өзінде болатын малдәрігердің түкірігі жерге түс­пейтін.

                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Соны көрген былайғы жұрт бала­­сын ауыл шаруашылығына жі­бе­руге құштар болды. Тіпті мал дә­рі­гері деген ауылда беделді маман-ды. Ауыл шаруа­шы­лы­ғы­ның ба­сындағы бұл дәурені нарық келгенде көзінен бал-бұл ұшты. Оның орнына заңгер, экономист, кеденші ма­ман­дықтарға ағыл­ды. Ал ел аумағының үштен бірі – вете­ри­нар­сыз. Сон­дық­тан ауылдағы ағайын малы­ның санитарлық жағдайы тұрмақ, оның ауру-сау екенін де білмейді.
Маманның жоқтығынан бұрынғы вете­ри­нарлардың орнын басатын маман табыл­майтын халге жетті. Мұны Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі де жоққа шығар­майды. «Қазіргі уақытта вете­ри­нар­лардың орташа жас шамасы – 45. Олардың ізін басар жас буын жоқтың қасы. Сондықтан бізге осы салада жұ­мыс­ты қарқындату қажет», – деген болатын ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрі А.Мамытбеков былтырғы жылы.
Ал қарқын үшін не қажет?
Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов «Бірін­шіден, ауыл шаруашылығы сала­сын­дағы жас мамандарды ауылда тұрақ­­тан­дыру үшін оларды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру; екіншіден, мал дәрігері және зоотехник ма­ман­да­рын дайындау бойынша мемлекеттік грант­тар­дың көлемін ұлғайту; үшін­ші­ден, мал шаруашылығы мамандарын дайындайтын жоғары оқу орын­да­рын­дағы кафед­ра­лар­дың, ғылыми зерт­ха­на­лардың, оқу-өн­ді­ріс­тік учаскелерінің материалдық-техни­ка­лық базасын қалпына келтіру және ны­ғайту қажет. Төр­тіншіден, студенттердің оқу бағдар­ла­масы шеңберiндегі тәжі­ри­белік са­бақ­тары инновациялық тех­но­логия­ларды меңгеру үшін озат, жаңа технологияларды меңгерген шаруа­шы­лықтарда өткiзілуі керек. Ол үшін осындай шаруа­шы­лық­тарды анықтап, оларға үкімет тарапынан жәрдемақы (субсидия) қарас­ты­ру; бесіншіден, Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішіне «Зоотехник» мамандығын қалпына келтіру қажет» деген болатын. Өйткені зоотехник мал тұқымын асыл­дан­дыру мен селекция жүргізуде, ауыл шаруашылығы малда­рының өсімін молайту, мал азығын, жем­шөп өндірісі, мал шаруашылығы шикізатын өндіру және қайта өңдеу, мал шаруа­шы­лығы қызметін ұйымдастыруды және жүргізуді қамтитын басты мамандық болып есептелетінін және айтқан-ды. Со­ны­мен қатар арнайы маман­дан­ды­рыл­ған Алма­ты және Семей зооветеринарлық мем­лекеттік институттарын қайта ашу керектігін де жеткізген еді.
Жағдайы 90-жылдары тоқырап қал­ған мал шаруашылығының «маң-маң басып, маң басып, төрт аяғын тең басуы» үшін әлі де қыруар еңбек керектігін көзі­міз көріп жүр.
Мәселен, 2011-2012 жылдары Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл об­лыс­та­рында аусыл ауруы тіркеліп, жер­гілікті тұрғындар орасан зор шығынға ұшырады. Бру­целлез ауруының әлі айылын жима­ғанын білеміз. Одан бөлек, малдың тубер­кулезі, қышыма, сал тағы бар. Бұдан басқа мал өнім­де­рімен берілетін түрлі аурулар да аз емес.
Мысалы, ҚР АШМ Ветеринарлық бақы­лау және қадағалау комитеті Қара­ған­ды облыстық аумақтық инспек­ция­сының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің мәлі­метінше, Қарағанды облысында бру­цел­лез (сарып) ауруына облыс бойын­ша 2010 жылы 29 адам, 2011 жылы 28 адам және 2012 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша 24 адам шалдығыпты. Пара­зи­тар­лық ауру­лар­мен, оның ішінде эхино­кок­козбен 2011 жылы 39 адам, балық өнім­дерінен жұғатын қатерлі ауру опис­тор­хозбен 36 адам, ал 2012 жылы эхинококкозбен 24 адам, описторхозбен 28 адамның ауыр­ғаны тіркелген. Ал қауіп­сіздік күзе­тінде тұратын ветеринар маман­дар екені айтпаса да түсінікті. Бірақ өңірлерге мыңдаған білікті ветеринария маманы жетіспейтінін ескерсек, түліктің және одан алынар өнімнің залалсыздығына кепіл аз. Мал шаруашылығы ветеринарға жарымайынша, жағдай оңалмасы тағы анық.
Данияр МЕРҒАЗИН, ҚР АШМ Ветери­нар­лық бақылау және қадағалау коми­теті Қарағанды облыстық аумақтық инс­пек­циясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы:
– Мал иелері қолдағы жануар­ла­рын уақтылы зерттеуден, дегель­мин­ти­за­циядан өткізбесе немесе тұты­нушылар ветеринарлық-санитар­лық сарап­тау­дан өтпеген, ветеринарлық құжаттары жоқ сүт, ет, балық өнім­дерін пайда­лан­са, түрлі ауруларға ұшырауы әбден мүмкін. Сондықтан әрбір мал өсіруші жеке және заңды тұлғалар ветери­нар­лық-санитарлық қауіпсіздікті қамта­масыз ету үшін жыл сайын жануар­ла­рына уақтылы вак­цина еккізуге және жұқпалы аурулар бар-жоғын анық­тату­ға міндетті. Сондай-ақ ішкі сауда орындарынан сатып алынатын жануар­лар өнім­дерінің қауіпсіздігін білу мақсатында ветеринарлық құжатты көрсетуді талап етуге әрбір тұтынушы құқылы. Аулаларда немесе арнайы сату орны белгіленбеген жерлерде ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, балық және балық өнімдерін сатып алуға болмайды. Осындай жерлерге ветеринарлық құжатсыз әкелінген жануар­лардан алынатын өнімдерді пайдалану арқылы тұтынушылар түрлі жұқпалы ауруларды (бруцеллез, тубер­кулез, трихинеллез, описторхоз және т.б.) жұқтырып алуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста