Макарон цехы ашылды

Қазақстан – астық, ұн өнімдерін әлемге экспортқа шығарушы мемлекеттердің бірі. Бірақ cоған қарамастан, елімізде ұннан өндірілетін тағамдар ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Мәселен, макаронның ішкі тұтыну көлемі қарқынды өсу үстінде, яғни соңғы жылдары макарон өнімдерін ішкі тұтыну өсімі өндіріс көлемі өсімінен артық екендігін көрсеткен.
2010-2014 жылдарға арналған мем­лекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өткен жылы 162 кәсіпорын іске қосылған болатын. Солардың бірі ретінде Семей қаласынан макарон өнімдерін шығаратын жаңа цех ашылды. Жаңа макарон цехының жос­парланған қуаты – сағатына 800 келі ма­карон. Айына – 400-450 тонна, жылына 5-5,5 мың тонна көлемінде макарон шығарады. Әзірге макаронның сегіз түрі даярлануда.
Серік АНИБАЕВ, «Тамаша» макарон фабрикасының атқарушы директоры:
– Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бізге 2 млн доллар көлемінде қаражат бөлінді. Өткен жылдың шілде-жел­тоқсан айларында цехта монтаждау жұмыстары жасалды. Жұмыс­шыларымызды итальян мамандары келіп оқытып кетті. Қазір макаронның алғашқы партиясын да шығарып үлгердік. Жаман емес, қазірдің өзінде қоймамыз бос. Барлығы дерлік өтіп кетті. Демек, нарықта сұраныс бар. Және бағасы да жергілікті базар-дүкендегілерден арзан.
 Жаңа өндірісті құрудағы мақсат – ЖШС өндірісінің номенклатурасын арттыру және кәсіпорынның нарықтағы үлесін сақтау, бәсекелестікке қабілетті өнім шығару. Макарон фабрикасы «Қазагрофинанстан» лизингіге алынған соңғы үлгідегі Ита­лияның «Текалит» фирмасынан әкелінген жаңа құрал-жабдықпен жұмыс істейді. Кәсіпорынды модернизациялау және кеңейту жөніндегі инвестициялық жоба бойынша цехты ашу қосымша 25 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста