Күміс жас жобасы: 50-ден асқан азаматтарға қандай жұмыстар ұсынылады

Күміс жас жобасы: 50-ден асқан азаматтарға қандай жұмыстар ұсынылады

Елімізде 50 жастан асқан азаматтарға арналған жоба іске қосылды. Мақсат – зейнет жасына жақындап қалған жандарды қолдау және еңбекпен қамту. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оларға қандай жұмыс ұсынылатыны жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін «Күміс жас» жобасы 60 жастан асқандарға қарастырылып келді. Биылдан бастап 50 жасқа дейін төмендетілді. Осылайша, жобаға қатысушылар аясы кеңейтілді. Жалпы, жұмыссыздардың дені – үйде бала күтімімен отырып қалғандар немесе түрлі себептермен еңбек ету мүмкіндігі болмағандар. «Күміс жас» жобасының мақсаты – зейнет жасына жақындап қалған жұмыссыз азаматтарды қолдау. Біз оларға жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, атаулы әлеуметтік көмек бойынша немесе еңбекпен қамту орталықтарында консультант болуды ұсынамыз. Демек, әлеуметтік сала бойынша жұмысқа орналастырамыз, - деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

 

Министрдің сөзінше, ендігі уақытта «Күміс жас» жобасы аясында 50-ден асқан жандарға білім және денсаулық саласы бойынша бос жұмыс орындары ұсынылмақ.

 

Айта кетейік, «Күміс жас» жобасы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста