Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шара изолятордан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылды. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылғанын хабарлады. Қазір тергеу изоляторында қызметтік тексеріс басталды. Қалалық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Айта кетейік, 11 мамыр күні бұл изолятордан мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген күдікпен қамауда отырған күдікті қашып кеткен. Әлеуметтік желіге тараған видеожазбадан қашқынның абақты ішінде емін-еркін жүріп, еш қиындықсыз далаға шығып кеткенін көруге болады.