Бұқаралық ақпарат құралдарында құдалықта болған оқиға ретінде таралған егде жастағы адамдардың бұл құлығы әлеуметтік желідегі жұрттың ермегіне айналды, деп жазады turkystan.kz.
Youtubе-тегі KYN.KZ арнасында жарияланған егде жастағы ер адам мен әйел кісінің көптің алдында құшақтасып, сүйісуін әлеуметтік желідегі қолданушылар түсінбей әлек. Сондықтан болар кадрдағы көріністі сан-саққа жүгіртуде.
Видеоны жариялаған желі қолданушысы оғаш қылыққа қатысты құда мен құдағи арасында жасалатын ырым деп түсінік қалдырған.