Конго Қырым геморрагиялық қызбасы - адамдарды вирусты кене шаққан кезде, үй және ауылшаруашылығы жануарларына жабысқан кенелерді жалаң қолмен жұлу, езу-жаншу кезінде жұғады.
Сонымен қатар, Конго Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырған науқасқа күтім жасау кезінде науқастан әр түрлі (мұрын, тіс, жарақат және басқа да) қан ке-тулер кезінде денені қорғаныш (маска, резенке қолғап) құралдарынсыз күтім жаса-ған сау адамға немесе медициналық қызметкерлер осы індет жұқтыру қауіпі жоға-ры.
Көбінесе тұрғындар арасында кене жалаң қолмен өз денесінен, жануарлардан, иттерден жұлу жиі кездесіп, өз денсаулықтарына немқұрайлық танытып, індеттің клиникалық белгілері адамдарда дене қызуы көтеріліп, бас, буын және бел ауырып, қан (мұрын, тістің қызыл еті) кету, лоқсу, құсу, денеде қан бөртпелері байқалғанда ауа-райымен, тағамнан уланудан, күн тиюмен, салқын тигізумен байланыстырып, денсаулықтары күрт нашарлаған кезде медициналық көмекке кеш жүгінеді, нәтиже-сінде Конго Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырғандардың өлім жағдайы кез-деседі.
Республика көлемінде аса қауіпті Конго Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы Шымкент қаласында және Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыста-рында орналасқан. Жыл сайын 6000-ға жуық тұрғындар кене шағуынан медицина-лық көмекке жүгінеді.
Бұл індетті қадағалау мақсатында мониторинг жүргізіліп, Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан жыл сайын 15000-ға жуық кене сынамасы зерттеліп, 400-ге жуық кене сынамасынан Конго Қырым геморрагиялық қызбасына вирусы анықталуда.
Кене жылы қанмен қоректенеді, қорексіз бірнеше жыл тіршілік ете алады және аналығы түрлеріне байланысты 15 мыңға жуық жұмыртқалайды.
Кене далалық жерде өсімдік түбінде, бұтақтарында, қи қоқыста, құс ұясында, тышқан індерінде, тышқандарда, қора-жайларда, жабайы және ауыл шаруашылығы жануарларында кездеседі.
Сонымен, кене адамдарға Ку – қызбасы, Омбы геморрагиялық қызбасы, кене риккетсиозы, туляремия, кене энцефалиті сияқты аса қауіпті жұқпалы инфекциялар-ды жұқтырады, жұқпалы індет вирустарын өзінде сақтап, ұрпақтарына береді. Ауа райының жылы мезгілінде кенелер үй және ауыл шаруашылығы, жабайы жануарла-рына жабысып, зиянын тигізеді.
Тұрғын үйлерде, мал және қора-жайларда кенелер болмауы үшін кенеге қарсы дезинсекция жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл жұмысқа ауыл шаруашылығы қызмет-керлері (мамандары), әсіресе, сол жердің тұрғындары міндетті түрде қатысулары қажет. Сонымен қатар, қадағалау керек.
Ауырған адамдардың қаны үй заттарына жанасудан сақтанған жөн. Ауланы керексіз заттар, мал қораларындағы қи - қоқыстар жиналып тазартылу қажет. Малды тоғандарға (купка) түсірген дұрыс. Мал қораларын, сарайларды дезинсекциялау ке-рек. Бұл жұмыстар міндетті түрде мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуы шарт.
Кене шаққан жағдайда вирустың берілуін тоқтату және жұқтырудың алдын алу үшін жабысқан кенені мүмкіндігінше тез алып тастау керек.
Кенені алып тастаудың қарапайым әрекеттері:
- ЕШҚАШАН кенені қорғалмаған қолмен ұстамаңыз!
- Кенені алып тастағанда қолғап кию қажет!
- Қарапайым қысқашпен өзіңіздің теріңізге мүмкіндігінше жақынырақ кенені ұстап алыңыз. Қысқашты қатты қыспай (кенені езіп алмас үшін), абайлап және ұқыпты (теңселтпей,жұлқыламай) тартыңыз;
- Алынған кенені ыдысқа салып, оны қақпақпен тығыз жабыңыз;
- Кене алынған жерді спиртпен сүртіңіз;
- Тез арада медициналық көмекке жүгінген дұрыс.
Әр адам жеке басының қауіпсіздігін сақтау және кенеден қорғану үшін - таби-ғатқа шығатын тұрғындар мен саяхатшы-лар ұзын жеңді көйлек киіп, жеңдерін түймелеп, ұзын балақты шалбарды шұлықтармен қымтап кию керек, аяқ ки-ім, бас киім киіп, өзімен бірге дененің ашық жерлеріне себетін медициналық дә-рілік заттарды алып жүру қажет және өзі-нің қасындағы адамдардың денесінде ке-ненің бар жоғын жиі тексеріп отыру керек.
Естеріңізде болсын, жеке бастың сақтық шараларын сақтай отырып және медициналық көмекке дер кезінде жүгінген жағдайда ғана ауруды ауыз-дықтай аламыз.
Ө. Б. Үсенов, ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК
«СЭСжМҒПО» филиалы
аса қауіпті инфекциялар мониторингі
бөлімінің маманы