Көмек шақыруға арналған 101, 102, 103 нөмірлері бір нөмірге біріктірілмек

Көмек шақыруға арналған 101, 102, 103 нөмірлері бір нөмірге біріктірілмек

Елордада полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдайлардағы қызметтердің нөмірлері бір нөмірлерге біріктіріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімдігіне қарасты iKomek қалалық орталығының әкімшілік қаржылық департамент директоры Ақан Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслтхатында iKomek орталығының басшысы Жәннат Дүбірова орталық 2018 жылдың қаңтар айында құрылып, барлық коммуналдық қызметтердің және қалалық басқармалардың, атап айтқанда 4 аудандық әкімдіктің, 17 қалалық әкімдік басқармаларының, 33 коммуналдық және апаттық қызметтерінің, 81 лифт шаруашылықтарының нөмірін 1-0-9 нөміріне біріктіргенін атап өтті.

«Астаналықтар байланыс орталығының тиімділігіне көз жеткізіп, осы қызметті белсенді түрде пайдаланады. Сондай-ақ, елорданың тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша өз өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын тәулік бойы жолдап отырады», - деді ол.

Өз кезегінде тілшілердің сұрағына жауап берген iKomek қалалық орталығының әкімшілік қаржылық департамент директоры Ақан Нұрғожин алдағы өзгерістер туралы айтып берді.

«Адам өміріне қауіпті жағдайлар бойынша 101, 102, 103 және 112 нөмірі бар. Осы барлық нөмірлерді алдағы уақытта Астана және барлық елді мекендерді 112 нөміріне біріктіру жоспарланып отыр. Мерзім бойынша осы жылдың екінші тоқсанында бұл жұмыс іске асырылады деп күтіліп отыр. Әртүрлі апатты жағдайда да осы қызметтердің бәрі үйлестіріліп, барлық қызмет бір нөмір арқылы көрсетілетін болады», - деді Ақан Нұрғожин.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста