Коллекционер мыңнан астам Барби қуыршағын жинады - видео
Бойжеткен коллекция жинауды бала кезден бастаған. Қазір оның қуыршақтар музейінде мыңнан астам Барби мен Кен бар. Олардың арасынан өткен ғасырдың 60-шы жылдарындағы экспонаттарды да табуға болады
Қуыршаққа құмар қыздың есімі – Любовь Робертс. Ол мамандығы бойынша дизайнер, Краснодар қаласында тұрады. Әлемдегі ең танымал қуыршақ – Barbie-ге арналған музейді ол былтыр ашқан. Бастапқыда коллекцияда шамамен 500 қуыршақ болса, қазір экспонаттар саны екі есе ұлғайған.
Barbie мен Ken қуыршағы Любада алғаш рет үш жасында пайда болған. Оны сыйлық ретінде алған. Дәл осы сәттен бастан оның қуыршақтарға деген махаббаты оянған. Ол қуыршақтарына аса мұқият қарап, оларды сақтап қою туралы шешім қабылдаған. Уақыт өте келе коллекциядағы Барби мен Кен саны артқан.
"Қуыршақтар хикаясы" туралы толығырақ видеодан көріңіз.