Көктайғақ төтенше оқиғаларды көбейтіп жіберді

Алматы өңірінде көктайғақтың кесірінен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Көшеде тайып құлап, аяқ-қолын сындырған жаяулардың қатары да артып отыр. Тек бір тәуліктің өзінде Алматыда 100-ге тарта адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Мамандар қала көшелерінде аса сақ жүруге кеңес беріп отыр.
Алматыда соңғы жауған қардың арты көктайғаққа ұласып отыр. Оның үстіне, жаяу жүргіншілерге арналған жол­дар қардан толық тазартылмаған соң, айнала ойдым-ойдым көк мұзға айналып, тұр­ғындардың жү­ріп-тұруын қиындатып жіберді. Тайып құлап, аяқ-қо­лын сындыр­ғандардың және басқа да жарақат алып қал­ғандардың саны күрт көбейіп кетті. Мамандардың ай­туынша, аяқ алып жүргізбес көктайғақ әсіресе қа­рия­ларды баудай түсіріп жатыр.
Жұмахан МОЛДАҚҰЛОВ, Алматы қалалық №4 клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
– Көктайғақтың кесірінен ауруханаға түсіп жатқан­дар саны көбейіп кетті. Аяқ-қолдарын сындырып, тайып құлау салдарынан тіпті басын жарақаттап алған­дар басым. Сондықтан мен тұрғындарға қала көшелерінде бай­қап жүруге кеңес беремін. Ал жергілікті коммунал­дық шаруашылық қызметкерлері жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға тұз, құм сепсе, жақсы-ақ болар еді.  

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департамен­тінің қызметкерлері де тұр­ғындарға мейлінше сақ болу­ды ескертіп отыр. Өйткені көктайғақ әзірше кете қоймайды. Ең өкініштісі, көктайғақ облыс аумағында кісі өліміне соқтырған жол апаттарын көбейтіп жіберді.
Жайдарлы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі:
– Соңғы бір аптаның ішінде Алматы облысында 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде тоғыз адам қаза болып, 23-і түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жүр­гізушілеріне жолда жүргенде абай болуды ескертеміз. Соны­мен қатар тұрғындар да келеңсіз жағдайларға тап бол­мас үшін табаны кедір-бұдыр, резеңке немесе жұм­сақ аяқкиімдер киюі қажет. Ал пластик, былғары та­бан­ды етіктер тайғанақ келеді. Сондықтан ондай етік­тер­дің табанына жабысқақ пластырь жапсырған абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста