Көкшетау қаласының орталығынан домбыраға алып ескерткіш орнатылды. Тұғырымен қосқанда биіктігі 12 метр жуықтайтын инсталляция бетон-металл конструкциясынан жасалған. Ал туынды авторы – белгілі мүсінші Манарбек Бұрмағанов.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ескерткіш демеушілердің қаражатына тұрғызылыпты. Айта кетейік, аймақта мұндай ескерткіш алғаш рет бой көтеріп отыр. Манарбек Бұрмағанов, туынды авторы: – Бұл – үлкен қуаныш, құрмет. Осындай мүсін ашылып жатса, дәл театрдың алдында жаңа сквер пайда болып жатыр осы домбыраның арқасында, гүлденіп жатыр, ағаштар егіліп жатыр. Облысымыз енді әнші, күйші, батыр, жыршыларымен белгілі. Сондықтан осындай бір домбыра болса екен дедік. Осы категория бойынша: « Астанада The Spirit of Eurasia заманауи этникалық музыка фестивалі басталды Мереке қарсаңында «Нұр-Сұлтан» әні көпшілікке таныстырылды »