Кешегі Ұлы Жібек жолы – бүгінгі логистикалық стратегия

Кешегі Ұлы Жібек жолы – бүгінгі логистикалық стратегия

Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту керек. Бұл Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына ықпал етеді. Бұл туралы кеше Алматыда өткен «Азия-Еуропа жолындағы логистиканың рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференцияда Литва Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Ромуальдас Козыровичюс айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін логистикалық, өндірістік, сауда, көліктік және ақпараттық жүйелерді құру және дамыту – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Себебі бұлар мемлекеттің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке ену үдерісін жылдамдатуға ықпал етеді. Әрі дамыған логистикалық жүйе құрылатын болса, қаржы дағдарысынан оңай шығуға болады.

Ромуальдас КОЗЫРОВИЧЮС, Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
– Бүгінгі таңда ақпараттар, тауарлар мен адамдардың шекарадан еркін өтуіне мүмкіндік жасайтын мемлекетаралық және трансұлттық жүйелердің қарқынды дамуынан логистиканың стратегиялық рөлінің өте зор екенін байқауға болады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп жатқанын білеміз. Сонымен қатар бұл ел биыл Кедендік одақта жұмыс істей бастады. Осының барлығы мемлекеттің көліктік қатынасын дамытып, Қазақстан мен бүкіл Еуропа арасындағы логистиканың дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Көлік және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырған жиынға Ресей Федерациясы, Қытай және Литва Республикаларының мемлекеттік органдары мен көлік-логистика саласының мамандары қатысып, Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы, теміржолдар мен көлік жолдарын, кедендік қызмет түрлерін дамыту, ақпарат алмасу және шекаралық кедергілерді азайту мәселелерін талқылады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста