Кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ өкілдері ұсталды
Алматы облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың 5 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға Талғар қаласының кәсіпкерінен ақша мен қымбат көлік құралын бопсалағандарға қатысты жедел ақпарат келіп түскен.
«Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы негізінде Талғар ауданының ПБ - да ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы – «Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау» бойынша тіркелді. Жедел - іздестіру іс - шараларын жүргізу барысында арнайы бөлімшенің «жауынгерлерінің» қатысуымен Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ақшалай қаражат алу кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары болып табылатын 20-23 жас аралығындағы бес азаматты ұстады»,-деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Кінәлі тұлғалар ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰО-ға қамаққа алынды. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.