Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен отбасылық жұптың коронавирусқа тапсырған сараптамасының нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Екеуінің де нәтижесі (ПТР-тест) теріс", - деді көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.
 
Санитар дәрігер астаналықтардың үйде медициналық бақылауда екенін және олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кеткені хабарланған болатын.
Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтандағы ПТР-тест тапсыру пунктінен қашқандардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері болып шыққанын айтты.