Ғалымдар: Ақтөбе облысында ең құнды Алтын адам табылды

Ақтөбе облысында Алтын адам табылды! Ғалымдар бұған дейінгі табылғандарынан ең құндысы осы жәдігер болғанын айтады. Өйткені бас киімінен бастап сауыт-саймандарымен қоса, қасына жерлеген атының да әбзелдері таза алтыннан құйылыпты, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Дархан Байтілеу, Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институттың жетекші ғылыми қызметкері: - Есіктен табылған Алтын адамның кейбір заттары таза алтын емес. Фольга. Тасқопада табылғанның қызықтысы – бас киім. Бас киім темір пластинадан жасалған. Үстіне алтын жалатылған.

Ақтөбелік Алтын адам Темір ауданына қарасты Тасқопа ауылы маңынан табылды. Құнды жәдігер біздің заманымызға дейінгі 5-4-ші ғасырларға – Сармат дәуіріне жатады. Бұл жерге сол кездің патша, көсемі жерленген деп отыр. Сауыт-сайманы, басынан аяғына дейін бар киімі алтынан құйылған. Қасына жерленген атының әбзелдері де таза былғарыдан жасалып, алтынмен безендірілген.

Ғалымдар бұл қорымның сол заманнан бастап талай рет тоналғанын айтады. Соның өзінде осы күнге дейін сақталған алтын бұйымдарға шүкіршілік етіп отыр. Қазір алтын адамды сол жердің топырағымен қоса қазып алып, мұражайдың қоймасына сақтап қойыпты. Енді оны жан-жақты зерттейді. Ол үшін археологиялық институт зертханасын Ақтөбеге көшіріп әкелуі де мүмкін.

Талғат Мамиров, Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институт Нұр-Сұлтан филиалының директоры: - Оның бәрін жермен бірге қазып алдық. Монолит деп айтады. Соның бәрін енді реставрациялап, қалпына келтіреміз. Өз зертханамыз бар. Бірақ оған маман керек – реставратор. Қазір оны қарап отырмыз. Мүмкін осында, Ақтөбеде жасаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста