Фархатшылар «шырыншылауын» қояр емес

«Алла-аят» ұйымына Қазақстан аумағында ем-дом жүргiзуге тыйым салынды» деп жар салып жатқанымызбен, Өскеменде оның айы оңынан туып тұр.
Сот шешiмiне қарамастан, өздерiн әртүрлi ұйым етiп құрып, заң құрығынан құтылғысы келгендер осы күнге дейiн қаптаған халықты жинап, өздерiнiң сөзiмен айтқанда «аят» (ибадат жиынын) өткiзiп, елдi әбден телмiртiп қойды. Емделушiлердiң арасындағы қара көз қазақтардың «бiсмiлләсi» қазiр Фархат атаның формуласынан басталады. «Алла-аятты» артынан қуа-қуа әбден мезi болған прокуратура ақыры олардың «үлкен аяттарына» қатысуға мәжбүр болды.
Бiрнеше заң орындарының өкiлдерi қолдарына сот шешiмiн алып «аят» өтiп жатқан жерге келiп, емшiлердiң жұмысын бiрден тоқтатты. Олар формуланы тiзбектеп уағызын бастаған Фархат атаның iзбасарының сөзiн ортасынан бөлiп, сот шешiмiн оқып бердi. «Алла-аятқа» қара бұлт төнгенiн естiген залдағы мыңға жуық халық шулап наразылықтарын бiлдiрiп бақты. Уағыз жүргiзушi елдiң шулағанын меңзеген болуы керек: «Фархат ата бiзге бұны кешiрмейдi» – деп жұртты сабырға шақырды. Прокурорлардың сесiнен қорықты ма, әлде көзбояушылық жасады ма, әйтеуiр залдағы жұрт тарқап, ұйым жетекшiлерi заңды тыңдаймыз дегендей болды. Бiрақ сот шешiмi оқылған «үлкен аяттан» қағылған халық бос кетпей, Фархат атаның формуласын жаппай айтып тарасты.
«Алла-аяттың» жергiлiктi жетекшiсi Айгүл Тұңғатарова болса, «Ресми ақпаратты жаңа ғана естiп тұрмын», – дейдi. Алайда ол: «Фархат атаның формуласын бәрiмiз бiлемiз, тұз бен шай бәрiмiздiң үйiмiзде бар, ал күн аспанда тұр, сондықтан әркiм өз емiн өзi жалғастыра бередi», – дегеннен қайтпай отыр. Прокурорлар болса «ендi мұндай шара өтсе, заң алдында жауапқа тартыласыздар» деп ескерту жасады. Әзiрге iс осымен тынды. Алайда «Алла-аят» мүшелерiнiң ендi үй-үйдi аралап,қуыс-қуыста жасырын ем-дом жүргiзбесiне ешкiм де кепiлдiк бере алмайды. Олар әлi де болса, Фархат атаның пайғамбарлығын паш етiп, оның формуласының елге ем болып жатқанын дәлелдеймiз деп бекiнiп отыр. Тiптi сол жерде жиналған жұрттан кiмдердiң дерттен жазылып шыққандығы туралы ақпарат жинауға кiрiстi. Бұдан фархатшылардың «пиарға» да бет бұра бастағанын пайымдауға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста