Ескі шаһарлар елеусіз қала бере ме?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жер-дүниені шарлап жүрген жиһанкез ертеде «Сырдың бойын жағалап жүрген адам көптеген шаһарға кезігеді. Бейнелеп айтқанда, Ташкент қаласынан үйдің төбесіне секірген лақ мыңдаған шақырым бойы жерге түспейді» деген екен. Расында, дарияның жағасы кезінде қалың қазақтың құтты қонысына айналған киелі мекеннің бірі болған. Алаш жұртының түп-төркінін түгендеген белгілі ғалым Әлкей Марғұлан таразыға тартқан шығармасының бірінде «Сыр бойында мыңнан астам көне қаланың орны бар» деп айрықша атап өткен көрінеді. Дегендей дария бойындағы әрбір төбе сыр бүгіп жатқандай сезіледі бізге. Оларға түрен салып, қойны-қонышын ақтара алсаңыз, бізге беймәлім талай құпияның кілтін табатын секілдіміз. Алайда біз өткенімізді тек шетелдік жиһанкездер артына қалдырған жазбалардан танып-біліп жүрген жоқпыз ба?
Елдің аузында айтылатын аңыз-әп­са­налар қазақтың тек көшпелі тір­ші­­лік­те өмір сүргенін теріске шыға­рып, қа­лың қатпарлы тарих парақ­та­рын қайта қа­рап шығуға алып ке­ле­рі сөзсіз. Өкі­ніштісі, күні бүгінге дейін сол көне ша­һарларды түбегейлі зерттеп, ла­йықты бағасын беруге ша­мамыздың келер түрі жоқ.
Алысқа ұзамай-ақ, бір ғана Сыр өңіріндегі ескі қалалар төңірегінде әң­­гі­ме қозғайтын болсақ, көңілге кір­­бің сал­ған талай жайды байқай­мыз. Рас, елі­мізде «Мәдени мұра» бағ­­дарламасы дү­ниеге келгелі бері көп­теген өрелі іс жүзеге асып жатыр. Әйткенмен әлі де көңіл бөлінбей, тү­рен тимей жатқан құнды қазыналар қан­шама. Кейбірі дұрыс көңіл бөлін­беу салдарынан жер бетінен жойы­лып барады. Осындай жана­шыр пе­йіл­ді күтіп жүрген көне қаланың бірі ежел­гі замандарда Қа­ратау қойна­уын­да қоныс тепкен Бестам болып тұр.
Бұл қалашық Қызылорда облысы Шиелі ауданының аумағында орын тепкен. Осыдан он ғасырдан астам уа­­­қыт бұрын дария бойын оғыздар ме­­кен етті. Сол тұста Бестам ата-ба­ба­­лар­дың кие тұтқан қастерлі қоны­сы­н­ың бірі болғанға ұқсайды.
Өйткені көне қаланың атауы хандықтың «Бас тамы» деген сөзден шыққан деген де дерек бар. Сол кезеңде билік құрған Қазан хан Балмұрын маңындағы қамалда тоғыз оғыз билеуші­сіне тоғыз ғимарат тұрғызып, көрме ұйым­дастыруға пәрмен береді. Деген­мен хан­ның көңілінен бір-бірінен өткен әсем бес ғимарат қана шыққан екен. Бестам атауы содан қалған деген де пікір­лер есті­ліп қалады.
Мадияр Елеуов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, Археология ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
– Бір ғана Бестам емес, Сыр бойындағы көптеген көне қалаларға дұрыс көңіл бөлінбей отыр. Бұл өңір қазақтың арғы-бергі тарихының түп-төркіні саналады. Сол себепті еліміздің «Мәдени мұра» бағдарла­ма­сы аясында осы мақсатта жүйелі жұмыстар атқаруымыз тиіс. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін ауыз тұшытып айтарлық нәтижелі іс-шаралар жасала қойған жоқ. Осының салдарынан оны ешкім зерттеуге көңіл бөлмей отыр. Көне Бестам жанынан канал қазылған. Оған мән беріп жүрген жан жоқ әзірге. Сондай-ақ Сыр жерінде сырын ішіне бүккен талай көне шаһар бар. Олардың кейбірін су шайған.
Сол Бестамның орнын қазір әрең тауып алуға тура келеді. Өйткені базбір жылдарда оған ешкім назар аудара қойған жоқ. Тіпті оның маңынан жер жыртып, егін салынды. Айналасына егін егілді. Каналдар қазылды. Қысқасы, көне қалаларды сақтауға өз деңге­­йін­де мән берілген жоқ. Осының салдарынан көне қалашық жермен-жексен болып қирап, көзден ғайып болатын жағ­дайға жетті. Бекіністегі молаларда жатқан адам сүйектері аяқ асты болды. Оны өтке­нің­ді құрмет тұтпау, тарихыңды бағаламау деп қарасақ та артық емес. Осы қалашықта елімізге әйгілі «Елім-ай» әні өмірге келген деседі.
Мақұл-ақ делік, ол жылдарда жұрт саясаттың ықпалынан шыға алмады. Алайда бостандық байрағын бекем ұстаған бергі жиырма жылдан астам уақыттан бері тарихымызды түгендеу бағытында нәтиже­лі жұмыстар жүргізе алдық па? Елдің көңілін осы сауалдар мазалайды. «Қазақ халқы кең сахарада тек көшпелі тіршілікте болды» деп топшылайтын қасаң пікірлерді жоққа шығаратын кезең келген секілді. Ата-бабаларымыз ежелгі кезеңде де өрке­ниет­тің ордасы боларлық көптеген ғима­рат­тар тұрғызып, қаншама қалалар салға­нын айғақтайтын дүниелер аз емес. Біздің ұлтымыз кезінде тек малдың жайын ойлау­мен ғана шектелмей, жайқалтып егін өсіргеніне дәлел бола алатын жайлар жетерлік.
Мейрамбек Сапаров, Шиелі ауданындағы №214 мектептің тарих пәнінің мұғалімі:
– Көненің көзіндей болған Бестам мүлгіп жатқандай. Шындығын айтқанда, Бестам жайлы аңыздарды әріге бармай-ақ қоялық, жергілікті жұрттың өзі біле бермейді. Оны үйінді астындағы топырақ деп ойлайтын адамдар да бар. Көне қаланың құпиясын ашатын археологиялық қазба жұмысын жүргізуіміз тиіс. Сонда ғана көне Бестамның көптеген құпиясының кілтін табар едік.
Сыр бойында көне қалалар жетерлік. Өкінішке қарай, олардың барлығы дерлік Бестамның күйін кешіп тұр деуге болады. Археологтар, негізінен, Жанкент, Сығанақ, Жент, Шірік-Рабат секілді белгілі шаһар­лар­ды зерттеуден арыға аса алмай жүр. Ал кейбір көне қалашықтар көзден таса қалып қойып жатқан жайы бар. Атап айтқанда, қазақтың қас батыры болған Алпамыс батырдың аяулы жары Баршын  өмір сүр­ген Баршынкент, Көккесене, Аққорған, Мейрам­­төбе секілді ескі шаһарларға әлі күнге дейін дұрыс көңіл бөлінбей келеді. Олардың түп-төркініне қашан түбегейлі үңілеміз деген сауал басы ашық күйінде қалып отыр.
Мұндай келеңсіз көріністер еліміздің барлық өңірінде кездеседі. Мысалы, сол шаһарлар туралы азды-көпті деректер жа­зыл­ған арнайы кітаптар шығарылған жоқ. Бар болғанның өзінде онда барлығы түгел­дей қамтылмай жүр.
Қазақ даласының әрбір төбесі жазыл­ма­ған шежіре іспеттес. Өткенге үңілмей, тереңнен тартқан тарихымызды түгендей алмасымыз айдан анық. Алдағы кезеңде осы бағытта нәтижелі жұмыстар жасаға­нымыз артық емес. Ескі кезеңнен бүгінге дейін жеткен шежіреге шын мәнінде назар аудармасақ болмайды. Қаншама құпия сол күйінше сырын бүгіп қала береді. Ата­дан аманатқа айналған құндылыққа адал­дық таныту бүгінгі ұрпақтың басты пары­зының бірі болса керек-ті. Әйтпесе уақыт­тың өзі қаншама көне шаһарлар мен тари­хи ескерткіштерді жым-жылас етіп, олар­дың орнын сипап қалуымыз әбден мүмкін. Көне мәдениетке көңіл бөлсек дейміз де...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста