Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес, 2023 жылдың 16-18 қаңтар аралығында облыста «Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оған қала, аудандық полиция құрылымдарынан 800-ге тарта қызметкер, оның ішінде пробация қызметінен – 50 қызметкер, 12 мемлекеттік орган өкілдері мен 44 қоғамдық құрылым өкілдері жұмылдырылып, қызмет етуде.
Аталмыш тиісті мамандармен іс-шараның 2 тәулігінде есепте тұратын 1700-ге жуық тұлға тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде оның 62-сі белгіленген шектеулер мен талаптарды бұзғаны анықталды. Бұл әкімшілік қадағалау орнатылған тұлғаларға құқық бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабымен «Қазақстан Республикасының әкімшілік қадағалау туралы заңнамасын бұзу» 11 хаттама толтырылды. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандармен 16 бұзушылық анықталды. Мінез-құлқына белгіленген ерекше талаптарды бұзудың 2 дерегі белгілі болды. Қорғау нұсқамасын бұзған 15 құқық бұзушылық айқындалды. Жалпы іс-шараның негізгі мақсаты - қылмыстық жағдайды жақсарту, ішкі істер органдарының есебінде тұратын тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі