Есенберлиннің арқасында Қазақ елінің тарихы мен мемлекеттілігі әлемге танылды - Ж. Ерғалиев

Бүгін ҚР Мемлекет тарихы институтында І.Есенберлиннің 100 жылдығына арналған «Қазақ хандығының жаршысы» атты дөңгелік үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірлік жолы арқылы патриотизм үлгісін көрсетіп, оның шығармаларының тарихи рөлін анықтау болып отыр. Ілияс Есенберлин - қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі, ақын, сценарист, драматург, Қазақ КСР-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Көшпенділер» трилогиясының арқасында ол бүкіл әлемге танымал адамға айналды. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін І.Есенберлин шығармалары өте маңызды.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары жазушының өмірі, қызметіне қатысты барлық деректерді қарастырып, жаңа кітапта суреттелген оқиғаларға да лайықты баға беріледі.

«Есенберлиннің өмірінің арқасында, Есенберлиннің шығармашылығының арқасында Қазақ елінің тарихын, біздің мемлекеттігіміздің тарихын, біздің әдебиетімізді, өнерімізді, тәуелсіздігімізді бүкіл әлемге таныта алдық. Сонымен қатар, ЮНЕСКО аясында 100 жылдығы аталып өтіліп жатқан Есенберлин мерейтойы да бұған септігін тигізері анық», - деді жиын барысында сенатор Жабал Ерғалиев.

Дегенмен, депутат күні бүгінге дейін қоғамда саяси қайраткер, жазушы һәм тарихшы ретіндегі І. Есенберлин тұлғасы толық ашылмай отырғанына да тоқталып өтті.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста