Ерлерге арналған түрмеде жазасын өтеп жатқан жалғыз әйел сотта өз абыройын қорғады

Сотталушының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы істі Павлодар қалалық соты қарастырды. 27 жастағы әйел Арқалық қаласындағы (Қостанай облысы) аса қауіпті қылмыскерлерге арналған УК-161/12 түзеу мекемесінде кісі өлтіргені үшін жазасын өтеуде. Соңғы 30 жыл ішінде ол жерде тек ер адамдар ғана отырған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, көрші камерада отырған жазасын өтеуші әйел туралы қауесет тарата бастаған. Ер адам сотталушының түрме қызметкерлерімен жақын қарым-қатынасы туралы туыстарына айтып, оны БАҚ-қа, интернетте құқық қорғаушы, қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі арқылы осындай өрескел факт туралы хабарлауды сұраған.

Сондай-ақ ол Бас прокуратураға, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне «жоғары тергеу органдарының, қоғамның назарын аудару және кезекті қылмысты жасыруды болдырмау үшін» шағымдар жазған.

Жас әйел ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы өндіріп алу туралы сотқа арыз беріп, өтемақы көлемін 250 мың теңгеге бағалады. Жауапкерлер талаптарды мойындамады.

«Шешім шығару кезінде сот Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3 – бабының 2-бөлігі (жала жабу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын назарға алды. Сондай-ақ, сот мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ҚР ҚК 120-бабының 2-бөлігі 4.5-тармағы бойынша көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық құқықбұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылғанын анықтады», - деп түсіндірді Павлодар қалалық сотының судьясы Айнұр Тәліпова.
Сот шешімімен талап қою талаптары ішінара қанағаттандырылды. Атап айтқанда, талап қоюшының әртүрлі ұйымдар мен мекемелерге жасаған өтініштеріндегі мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді деп танылды.

Сонымен қатар, сот құқық қорғаушыны Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жас әйелдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деп танылған ақпаратты жоққа шығаруға міндеттеді.

Жауапкерлердің әрқайсысынан моральдық зиян келтіргені үшін 50 мың теңгеден алынатын болды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы іс бойынша түрме қызметкерлері мен тұтқындар туралы жалған ақпарат таратқан сотталушы ер адам болып шықты. Айыптау нұсқасына сәйкес, ер адам түрме әкімшілігіне ұнамаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста