Ерлер денсаулығы үшін арнайы бағдарлама қажет

Ерлер денсаулығы үшін арнайы бағдарлама қажет

Еліміздегі ер-азаматтардың денсаулығы жылдан-жылға құлдырап барады. Бізде азамат­тардың орташа өмір сүру ұзақ­тығы 60-62 жасты құрайды. Бұл әйелдерге қарағанда 10-12 па­йызға төмен. Әлгіндей айыр­машылық өзге дамыған елдерде 5 пайыздан аспайтын көрінеді. Ал ерлер арасында обырға шалды­ғып қайтыс болу көрсет­кіші әйе­л­­дерге қарағанда екі есе жо­ға­ры екен. Бұған қоса, зерт­теу­лер ұл нәрестелердің өлім-жітімі сәби қыздардан үш есе артықтығын дәлелдеген. Соңғы бес жылда еркек жыныс безі обырынан қайтыс болушылар­дың саны сүт безі обырынан қайтыс болушылармен салыс­тырғанда екі есе артып отыр.  Бұл туралы Алматыда Жарбосы­нов атындағы Ғылыми урология орталығының ұйымдастыруы­мен өткен баспасөз мәслихатын­да мәлім етілді.
Жарбосынов атындағы Ғылыми уроло­гия орталығының бас директоры Мәрза­кәрім Алшынбаевтың айтуынша, Қа­зақ­с­тан­да ерлердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселесіне арналған арнайы саясат жоқ. Оған әрине, мемлекеттік денсаулық сақтау органдары ерлер денсаулығына жет­кілікті дәрежеде көңіл бөлмей отырғандығы себеп. Мұнымен қоса, ер-азаматтардың өз денсаулығын сақтау жөнінде мағлұмат алу­ға ұмтылмауы  жағдайды одан сайын қиын­датуда. Ерлердің денсаулық сақтау мәселесі жөнінде, атап айтқанда, репродуктивті және әлеуметтік-психикалық тұрғыдан қолдау көрсету ісі ескерілмей келгені өкі­ніш­ті. Бүгінде ерлер әйелдерге қарағанда дәрігерлерге үш есе аз көрінеді, осыған байланысты олардың арасында ауруды ерте бастан анықтау көрсеткіші де өте төмен болып отыр. Мамандар ерлер әйелдерге қарағанда жүректің ишемиялық ауруына үш есе жиі, ал қант сусамырына алты есе жиі шалдығатындығын мәлімдеді. Сондай-ақ жыл сайын әлем бойынша 25 мыңнан астам ер адам өзіне-өзі қол жұмсайтын көрінеді. Атаулы деректер «еркек тоқты – құрбандықтардың» жуық арада өз денсау­лықтарына жауапкершілікпен қарай қоя­тын­дығына күмән келтіреді. «Қазіргі таңда ерлердің денсаулығы медициналық шең­берінен шығып, мемлекеттің және әр адам­ның жеке қатысуын талап ететін, үлкен алаң­даушылық тудыратын мәселеге айна­луда», – дейді еліміздің бас урологы. Тағы бір атап өтер жайт, кейінгі 40-50 жылда өзіне-өзі қол салу, қастандықпен немесе жазатайым қайтыс болу оқиғаларының 70-80 пайызы да ерлерге тиесілі екен. Қазақ­с­тан­да түрлі дертпен тіркелген 24 мың ер адамның 56 пайызы әртүрлі формадағы эректильді дисфункциямен сырқаттана­тыны анықталуда. Eліміздегі уролог-андро­лог мамандар соңғы кездері отбасылардың 15-20 пайызы бедеулік жағдайына душар болып отыр деп дабыл қағып жүр. Қазіргі заманғы озық медицинаның жетістіктері белсіздік пен бедеулік дертінен құлан-таза айығып, бала сүюге мүмкіндік береді. Отба­сында бала сүю бақытына ие бола алмай отырған ерлі-зайыптылардың мәселесі 50 пайыздық дәрежеде ер адамдардың бел­сіз­­дік дертіне шалдығуымен байланысты туындауда. Жиын барысында Жарбосынов атындағы ғылыми урология орталығы «Ер­лердің денсаулық күні» мейрамын белгілеу, «Ерлердің репродуктивті денсаулығы» бағ­дар­ламасын қабылдау жөнінде бастамалар көтерді. Урология институты өз тарапынан «Ерлердің репродуктивті денсаулығы» бағдарламасын жасап, оны өз күштерімен атқаруға ұмтылып отыр. 
Мырзакәрім АЛШЫНБАЕВ, Жарбосынов атындағы Ғылыми урология орталығының бас директоры, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Ер адамдар дұрыс тамақтана білуі керек. Жақсы тамақ ішпеген адам тубер­кулез дертіне шалдығады. Біздің қазақ­тың ұлттық тағамдары денсаулыққа өте пайдалы. Мысалы, қазыда холестерин жоқ. Жылқы малын мінген де денсау­лыққа шипалы. Ата-бабаларымыздың Сексенбай, Тоқсанбай тудыратын себебі  сондықтан. Ол кезде экология да таза болған. Ол тұста адамдардың психоло­гиялық жағ­дайы да қалыпты еді. Қазіргі кезде ер адамдар өз денсаулығының қаді­рін білмейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста