АҚШ доллары коронавирустық пандемияға байланысты басқа валюталарға қатысты әлсіреді. Бұл туралы Г.В. Плеханов атындағы РЭУ Экономикалық теория кафедрасының сарапшысы Кава Хожа айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2021 жылы Швейцария франкі ең тұрақты валюта болған еді, бұл күшті экономика мен дамыған сенімді банк жүйесіне байланысты", — деді Кава Хожа.
Ең тұрақты валюталардың үштігіне жапон иена мен Норвегияның кронасы кіреді, деп атап өтті сарапшы.
Долларға қатысты құнын сақтағандар Forex рейтингі бойынша олардың қатарына Кувейт динары, Бахрейн динары, Оман риалы және Иордан динары кірді.
Сарапшы сондай-ақ криптовалютаны да назардан тыс қалдырмады. Нарықтағы құбылмалылық цифрлық ақшаның тұрақты актив болуына кедергі келтіреді, деді ол.
"Дегенмен, блокчейн технологиясы негізінде орталықтандырылмаған қаржыны (DeFi) дамыту жақын болашақта дәстүрлі активтер мен фиат ақшаға қатты бәсекелестік тудыруы мүмкін", — деп атап өтті Кава Хожа.