Емтиханға кірмес бұрын оқушылардың түрлері арнайы құрылғымен тексеріледі: Елімізде ҰБТ-2021 қалай өтеді?

Қазақстанда биыл мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді үш рет тапсыра алады. Талапкерлер емтиханы осы жылы ерекше форматта өтпек. Жаңа ҰБТ ережелері қандай болмақ? Жаңартылған талаптар жайлы мектеп түлектері мен ұстаздар не дейді? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Талапкер Аққу Қалиланың тестілеудегі көрсеткіштері көп-көрім болғанмен, тоқмейілситін ол емес. Өйткені, келесі наурыз айындағы сынақ бұрынғыдан өзгерек. Яғни, әдеттегідей қағаз түрінде емес,  электронды форматта өтпек.  

 "Бұл енді технологияның дамығанын білдіреді. Қазіргі түлектер оны жақсы қабылдап жатыр. Дайын әрі өзіңе сенімді болсаң 2 ай ішінде тапсыра аласың. Мүмкіндік екеу болғаны бізді тыныштандырады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аққу Қалила. 

Биыл Қазақстанда оқушылар сәуір мен маусым аралығында 100 күннің ішінде кез келген уақытта екі рет ұлттық тесттен өте алады. Грантқа түсу үшін үздік нәтижені оқушы шілдеде болатын конкурсқа жібере алады. Ал наурыздағы тестілеудің құны 2242 теңге. Оның нәтижесімен де түлектер ақылы бөлімге түсе алады. Жаңа форматтағы емтиханға қатысу-қатыспау түлектің өз еркінде.

"Бір бала, бір компьютер, бір камера. Мысалы, өткен жылы аудиторияда 50 бала отырса, сол 50 адамға 1-2 камера болған. Ал қазір 100 пайыз бала камерамен қамтылады. Арнайы компьютерлік жүйе іске қосылады. Баланың қолында не бар, не жоқ екендігін өзі анықтайды. Және бізге хабарлама береді", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.  

Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлерінің сөзінше, жаңа жүйенің өз артықшылықтары бар. 

"Ең алдымен тестіленуші кез келген пәннен тестілеуді бастау мүмкіндігі бар. Тестіленушілер бір сұраққа қайтып келу мүмкіндігі бар. Тағы бір ерекшелігі тестіленушілер өздерінің нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден көре алады. Қазіргі таңда апеляцияға өтінішті тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беру мүмкіндігі бар. Талапкер өзінің тестілеу күнін орнын өзі таңдай алады. Десек те бір күнде 2 тест тапсыруға болмайды. Калькулятор қолдануға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, химия пәнінде Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштік кестесін пайдаланады. Сол кестелер тестілеудің интерфейсінде балаларға қолжетімді", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директорының орынбасары Наужан Дидарбекова. 

Биыл болатын ҰБТ-ға кіргізу ережелері де қатаңдатылмақ. 

"Фейс айди екі рет өткізіледі. Бірінші ғимаратқа кіргенде арнайы құрылғы тұрады. Сол құрылғы баланың дене қызуын маскасы бар ма, жоқ па, оның түрін тексереді. Содан кейін бала орталыққа кіреді. Компьютерге отырады. Сол кезде басында тұрған камераға қарайды. Қайтадан фейс айди арқылы сәйкестендіреміз. Сол уақытта тестке кіргіземіз. Одан кейін қандай сұрақ, вариант келеді анықталады.120 мың бала болса, 120 мың нұсқа келеді", - деп қосты Дидар Смағұлов. 

Мектеп директорының сөзінше, ұстаздардың арасында ҰБТ-ға дайындық түсінігі ау бастан дұрыс қалыптаспаған. 

"Мектептер, менің әріптестерім, мұғалімдер мынаны түсіну керек: бізде ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық деген ұғым болмауы қажет. ҰБТ-ға дайындық балаларды бірнеше жыл оқып келе жатқан сабақты сырып қойып, жекелеп кетіп қалу сияқты. 1-сыныптан кез келген сабақ сапалы болса, сол ҰБТ тестілеуге дайындық", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің директоры Сафура Сейдуәліқызы.

Жиырма алты жыл ұстаздық өтілі бар Айжан Рақышқызы Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматқа көшкелі түлектердің оқуға құлшынысы айтарлықтай артқанынан айтады. Тест тапсырғасын көрсеткіштеріне көңілдері толмай, еткен еңбегіндегі кеткен кемшілігін түзеуге тырысатындардың көбейгенін де жасырмады.

"Өздері нақты қазанында қайнап келгеннен кейін балалардың ынтасы, қызығушылығы артты. Өйткен қай уақытта дайындалу керектігін, қандай сұрақтар келетінін білді. Мысалы, Мен география маманы болғандықтан маған келген балалар "Апай, бізге карта білу керек екен" деп айтты. Картаны бұрын ұстамай, қарамай жүрген балалар картаға шұқшиып қалғаны мен үшін үлкен ізденіс болды", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Айжан Рақышқызы.

Бірнеше жылдан бері мектептер ҰБТ үшін жауапкершілік жүгінен босатылған еді. Алайда елордадағы мектеп-лицейінің басшысы Сафура Сейдуәліқызы ҰБТ мектептің қызмет ету сапасының көрсеткіші болу керек деп есептейді.

"Ол рейтинг түрінде көрсетіліп, сол үшін біреулер жазалану емес, бұл проблеманы анықтау үшін де керек. Әр мектеп жыл сайын ҰБТ болсын, сыртқы бақылаулардың нәтижесін салыстырмалы түрде қарап отырмаса, дамуға деген ақпарат жеткіліксіз болады. Кезінде не үшін бұл нәрсеге қарсылық таныттық деп ойлаймын. Әділетсіздік болғанда рейтинг мектептердің шынайы бағасын көрсетпейді, Рейтинг ретінде жарияланбағанның өзінде қазіргі күні ата-аналардың өзі  "Сіздердің ҰБТ нәтижелеріңіз қалай?" деп сұрайды", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің директоры Сафура Сейдуәліқызы.

ҰБТ-да көмектесемін деп ақша табатындардың көбеюі алаңдатады, дейді мамандар. 

"ҰБТ басталған кезде түрлі көмек беремін дейтін түрлі алаяқтық жолдары көбейеді. Сондықтан ата-аналарды, оқушыларды тек ресми деректермен жұмыс істеуге, ресми сайттардан танысып сол арқылы өз әрекетін жүзеге асырса дейміз. Тыйым салынған зат табылған жағдайда сол тестіленуші үшін сол жерден аяқталады", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директорының орынбасары Наужан Дидарбекова. 

Биыл да тестілеуден соң 25 тамызға  дейін барлық бейнежазба талданады. Сол кезде тыйым салынған заттарды қолдану әрекеттері анықталса, тесттің де нәтижесі жойылады. Грантты да тартып алып, әділ иесіне тапсырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста