«Еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны да Алматы өңірінде дүниеге келген болатын» - Амандық Баталов

«Еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны да Алматы өңірінде дүниеге келген болатын» - Амандық Баталов

Алаш баласы қазақ елінің саны 19 миллионға толды бөркін аспанға атып қуанып жатыр. Ел тұрғындары Алматыда дүниеге келген Жәния есімді кішкентай сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, ақылды қыз болып өссін деген ақжарма тілектерін білдіруде.

Бір қызығы, еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны да осы Алматы өңірінде дүниеге келген екен. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкім 19 миллионыншы тұрғын туралы игі жаңалықты жақсылыққа жоритынын атап өткен. 

«Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны Азаматқызы Жанияның бауы 
берік болсын! 
Осыдан төрт жыл бұрын да дәл осындай қуанышқа кенеліп едік. Еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны Мүслима Саматқызы Талдықорғанда  дүниеге келген болатын. Сол кезде бұл сүйінші хабарды көлікте кетіп бара 
жатқанымда бұрынғы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов телефон шалып айтқан еді. Биыл да 19 миллионыншы тұрғын туралы игі жаңалықты тағы да Тимур Мұратұлы хабарлады. Осылайша қуанышқа қуаныш қосылып жатыр.

Дегенмен қызық дерек болған соң мен одан мұндай есептің қалай жүргізілетінін сұрадым. Ол реттік қатарды 
электронды база автоматты түрде өзі есептеп шығаратынын айтты. Шынында, керемет сәйкестік! Осылайша Алматы облысының қатарынан екі рет мерейі үстем болды! 
Алматы облысы – Елбасымыздың да, Президентіміздің де туған жері. 
Өңір барлық салаларда алдыңғы қатарда. Соның нәтижесінде туу көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. Мәселен, біздің облыста жыл сайын 50 мыңдай бала бірінші сыныпқа барады. Балалар - біздің байлығымыз!

Сондықтан 19 миллионыншы тұрғынның да жер жаннаты Жетісуда өмірге келуі - біз үшін үлкен қуаныш! Осындай жақсылықтар жақсылыққа ұласа берсін. 

Жанияның дені сау, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болсын!», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста