Елімізде тағы бір университет жабылатын болды

Білім және ғылым министрлігі тағы бір қазақстандық ЖОО-ны бас лицензиясынан айырды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Шымкентте академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті лицензиясыз қалды. Бұл шешім жоғары оқу орнында білім беру саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бірнеше тексеруден кейін қабылданған.

"Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты отырысының қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды, ол 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы кезеңде академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлік шешіміне де апелляция беруге құқылы", - деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін ЖОО-ға жоспарлы тексерулер барысында анықталған заң бұзушылықтарды түзетуге бірнеше рет мүмкіндік берілгені атап өтілді.

"Заң бұзушылықтар оқу процесін ұйымдастыруға, талапкерлерді қабылдауға, ЖОО-ны оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етуге, түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты болған. Мәселен, "Атамекен" ҰКП рейтингінің деректері бойынша, ЖОО-ның білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің талабына 17,4 пайызға ғана сәйкес келеді, ал білім беру бағдарламаларының 82,6 пайызы пысықтауды талап етеді, өйткені жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді", - деп толықтырды ведомстводағылар.

БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мұндай шаралар студенттердің мүдделерін ескере отырып қабылданатынын айтты.

"Біз мұны студенттер мен ата-аналардың түсінгенін қалаймыз. Жоғары оқу орындары білім беру саласындағы талаптарға сәйкес келмесе, болашақ мамандар диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасуда проблемалар туындауы мүмкін. Бұл университетке қатысты шешім айдың соңында заңды күшіне енеді. Әрине, процесс кешігуі мүмкін. Біз өз тарапымыздан студенттерге басқа жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесеміз. Бұл университетте тек 50 адам грантта оқиды, ол бұл студенттердің әрқайсында сақталады", - деді комитет төрағасы Гүлзат Көбенова.

"Ақылы оқитындар үшін оқу бағасы бұрынғы деңгейде қалады. Студенттер мемлекеттік жоғары оқу орындарына ауыса алады. Студенттердің барлық оқу көрсеткіші басқа ЖОО-ларға ауысқан кезде жарамды. Шымкентте аталған ЖОО-ның білім алушыларын қабылдай алатын жоғары оқу орындарының саны жеткілікті екенін атап өткім келеді, сондықтан студенттер өз мамандықтары бойынша оқуын жалғастыра алады. Сондай-ақ, жақын орналасқан қалаларда 50-ге жуық университет бар. Біз аталған жоғары оқу орнының инфрақұрылымы негізінде мектеп немесе колледж ашуды ұсындық, себебі бүгінде бір оқушыға 500 мың теңге көлемінде ай сайынғы мемлекеттік тапсырыс алу мүмкіндік бар", - деп қосты ол.

Бұл ЖОО-да студенттер негізінен "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі", "Есеп және аудит", "Қаржы", "Құқықтану" және басқа да бағыттар бойынша ақылы оқиды. Оқу құны 275-тен 800 мың теңгеге дейін.

Студенттерге оқу семестрінің аяқталуын күтпестен басқа жоғары оқу орындарына ауыса алатыны хабарланды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста