Елімізде студенттердің шәкіртақылары артты

Елімізде студенттердің шәкіртақылары артты

Президенттің тапсырмасы және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының шәкіртақы көлемі осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арта түсті.

БҒМ баспасөз қызметі хабарлағандай, бакалавр бағдарламасы бойынша оқитындардың шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға ұлғайтылды.

Бакалаврда оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін артты. Педагогикалық бағыт бойынша оқитын жоо студенттері бұрын 42 000 теңге алса, енді 50 400 теңге алатын болады. Біз Президенттің тапсырмасын орындап, болашақ дәрігерлердің стипендиясын едәуір арттырдық. Олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алатын болады. Өткен жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шәкіртақы 25%-ға ұлғайтылды. Шын мәнінде, соңғы екі жылда бакалавриатта оқитын студенттердің стипендиясы шамамен 2 есе артты, - деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Сонымен қатар магистранттар, докторанттар мен интерндердің де шәкіртақылары артты. Егер бұрын магистранттар 66 913 теңге алса, енді олардың ай сайынғы стипендиясы 76 950 теңгені құрайды. Докторанттар стипендиясы 150 000 теңгеден 172 500 теңгеге дейін, интерндерде – 47 431 теңгеден 59 289 теңгеге дейін өсті.

Айта кетейік, биыл мұндай қолдау шаралары Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.

Өзгерістер мен толықтырулар Үкімет қаулысымен жоғары оқу орындарының білім алушыларына мемлекеттік стипендияларды төлеу, олардың мөлшері және тағайындау ережесіне енгізілді. 


BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста