Қазақстан аумағы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттар алдағы үш тәулікте оның үлкен бөлігінде жаңбыр тудыратын болады.
Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауса, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар түседі. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жайма шуақ күндерден кейін ауа райы күрт суытады. Осы демалыста және алдағы аптада дүйсенбі күні – 6-8 қазан – күн әжептәуір салқындайды. Суық атмосфералық фронттар алдағы үш күнде еліміздің аумағы арқылы өтіп, басым бөлігінде жаңбыр жаууына әкеп соғады. Ал оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
Елімізде демалыс күндері қар жауады
Последние статьи автора