Елімізде 1 миллионнан астам адам көлік салығын төлемеген

Елімізде 1 миллионнан астам адам көлік салығын төлемеген. Олардың берешегі 33 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы  Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

 
Комитеттің мәліметінше, 33 миллард теңгенің 4 млрд теңгеге жуығы өсімпұл қарызы.

«Бүгінгі күні елімізде 1 084 988 жеке тұлға көлік салығын төлемеген. Олардың берешегі 33 млрд 362 млн 813 мың теңге. Оның ішінде өсімпұл құны 3 млрд 866 млн 396 мың теңге», - делінген ведомство ақпаратында.
Мәселен, бір ғана Талдықорған қаласы бойынша көлік салығын 9 мыңнан астам адам төлемеген. Олардың берешегі 245 млн теңге. Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бауыржан Бекежанов борышкерлер берешекті төлемесе мәжбүрлі түрде өндіретін боламыз дейді.

«Төлеуі тиіс қарызына байланысты күнделікті өсімпұл жүріп отырады. Сот орындаушыларына өткеннен кейін белгілі бір кезеңнен кейін банктегі шоттары бұғатталады. Хабарламалар жіберіледі. Көліктері тәркіленіп, айып тұрағына қойылады. Қарызды төлегеннен кейін ғана көліктерін алуға құқы бар», - деді Бауыржан Бекежанов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста