Ақтөбе облысында сегіз бас елік атып алған топ ұсталды. Ішкі істер қызметкерлері жануарларды заңсыз аулау дерегі бойынша тергеу амалын бастады.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, браконьерлерді Ырғыз-Торғай және Алтын Дала мемлекеттік табиғи резерваттары мен «Охотзоопром» кәсіпорнының қызметкерлері Жайсаңбай ауылдық округі аумағында полицейлермен бірге ұстаған. Toyota Land Cruiser көлігін мінген аңшылардан МР-153 маркалы 12 калибрлі мылтық пен сегіз бас еліктің денесі табылды. Ауланған жануарлардың төртеуі – еркек және үшеуі – лақ. Ұсталған азаматтар Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты. Бұл дерек бойынша Ақтөбе облыстық ішкі істер қызметкерлері қылмыстық іс қозғағалы отыр.
Елік атып алғандар қолға түсті
Последние статьи автора