Елбасы үш азаматқа "Еңбек ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі "Қазақстанның Еңбек Ері" және айрықша ерекшелік белгісі Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін тапсыру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекеттік сыйлықтар Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін "Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" ҚБ төрайымы Бәйменова Құралай Базарбайқызы, Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Соловьева Алина және Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы "Шәушен" ШҚ басшысы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлына берілді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.