Достарын судан құтқарған атыраулық оқушы «Жас батыр» атанды

ҚазАқпарат – Достарын судан құтқарған атыраулық оқушы Дінмұхаммед Жаңбырбай «Жас батыр» атанды. Оған бұл аталым Балалар жылы аясында өткен жас патриоттар форумында тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумға еліміздің барлық өңірінен 7-14 жас аралығындағы балауса ақындар, жазушылар, блогерлер, суретшілер, өнерпаздар мен спортшылар қатысқан.

Олардың арасынан 10 аталым бойынша 30 жеңімпаз анықталған.

Соның бірі – Дінмұхаммед Жаңбырбай үш балалы отбасының ортаншы перзенті. Қазір ол Атырау қаласындағы №3 орта мектептің 3-сыныбында оқиды.

Ол 3 желтоқсанда Жайық өзенінің мұзы ойылып, екі баланың суға батқан. Оны байқаған 8 жасар Жаңбырбай Дінмұхаммед көмекке ұмтылған. Екі жасөспірімнің бірін қолынан тартып, судан шығуына көмектескен. Судан шыққан жасөспірімнің бірі екіншісін құтқарып қалған. Кейін суға батқан екі жасөспірімнің бірі 14, екіншісі 9 жаста екені анықталған.

«Әкем сол күні өзенге бармау керегін ескертті. Сол себептен, балалардың артынан ілескеніммен, мұз үстіне шықпадым. Бірақ, достарымның мұзға түсіп кеткенін көріп, көмектесуге бардым. Қолымды созып, біреуінің судан шығуына көмектестім. Кейін 6 полицей келді. Әкем өзенге барғаным үшін ұрсатын болар деп ойлап едім. Алайда, әкем ұрысқан жоқ. Сыныптастарым «Дінмұхаммед, жарайсың!» деп қолдау білдірді», -дейді Дінмұхаммед Жаңбырбай.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 8 жасар бала Жайық өзеніне батқан жасөспірімдерді құтқаруға көмектескенін жазған едік.

Кейін суға батып бара жатқан досын құтқарған 8 жасар бала марапатталды.

Ал, Төтенше жағдайлар министр Юрий Ильин 8 жасар Дінмұхаммедтің өңіріне медаль таққан болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста