Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 11,13 теңгеге арзандады. 1 доллар 446, 89 теңге болды.
Ұлттық банктің 8 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 458,87 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сату бағамы 446-449 теңге болса, сатып алу бағамы 454-456 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 447-450 теңге, сатып алу бағамы 453-454 теңге.