Діни ақпараттық үгіт-насихат тобы келді

Соңғы уақыттары ел бірлігіне кері әсерін тигізіп, мемлекет тыныштығына қауіп төндіре бастаған оқиғалардың жиілеп кеткені рас. Еліміздің бірқатар аймағында бой көрсеткен мұндай келеңсіздіктердің түпкі себепкері діннің атын жамылған секталардың халықты (әсіресе жастарды) адастырып, лаңкестікке апаратын әрекеттерінен шығатыны шындық. Сондықтан жұрттың діни нанымына көлеңке түсіретін мұндай  жағдайды дер кезінде тезге салып, танымын күшейткен жөн.
Сол мақсатта Семейге жалпы діни са­уаттылық жайлы кең ақпар беретін ҚР Дін істері агенттігінің ақпараттық үгіт-насихат тобы арнайы келді. ШҚО ішкі сая­сат бас­қар­масының саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бө­лім­нің бастығы Ерлан Жақыпов, Өскемен қа­ласындағы облыстық орталық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Асанов қалалық әкім­дікте Семейдегі білім мекемелерінің бас­шыларымен кездесу өткізді.
Ерлан ЖАҚЫПОВ, ШҚО ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы:
– Егер 1990 жылдары елімізде 700-ге жуық тіркелген діни ұйым бар болған болса, бүгінде олардың саны 4,5 мыңға жуықтап отыр. Әрине, діни ұйымдардың көбеюі ел азаматтарының дінге деген сенімі артып келе жатқандығын көрсе­те­ді. Алайда біз «сол діни ұйымдар мен бір­лестіктердің артында кім тұр, олар не­ні мақсат тұтады?» деген сияқты негізгі сұ­рақ­тарды ұмытпауымыз керек. Бұл үш­ін еліміздің әр тұрғыны діни сауатты болғаны жөн. Біз сонда ғана өзімізді жат ағымды діни секталардан қорғай ала­мыз.

Ерлан Жұмашұлының айтуынша, ха­лық­қа діни ақпарат таратып, мәселенің ақ-­қа­расын айыру мақсатында үгіт-наси­хат жұ­мыс­тарын жүргізу үшін үш топ құры­лып, қа­зіргі күнде шығыс өңірдегі қала, аудан­дар­да өз жұмыстарын жүргізу үстін­де.
Жалпы айтар болсақ, Шығыс Қазақ­стан облысында діни ахуал тұрақты. Ар­найы сауалнама жүргізу арқылы белгілі бол­ған жайт, өңір тұрғындарының 70 пайыз­дан астамы дәстүрлі діни нанымды қол­дайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста