Димаштың Түркиядағы концерті бір минут үнсіздіктен басталды

Негізгі бағдарлама басталмас бұрын әртіс көңіл айтып, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін бір минут үнсіздік сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz сілтеме жасап.

 
Өткен жылдың қыркүйек айында Алматыда тұсауы кесілген Димаштың «Stranger» жеке концертінің бағдарламасы әлем бойынша саяхатын бастады. Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан тарихи достық қарым – қатынастары бар бауырлас ел-Түркия 6 мамырда алғаш рет қазақстандық орындаушының ауқымды шоуын өткізді, деп хабарлайды dimashnews.com.

Димаштың жеке концерті Antalya Expo Kongre Merkezi-де өтті, ол дауыл туралы ескертуге байланысты белгіленген күннен бірнеше күн бұрын ауыстырылды.

Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді. Көрермендер әртістің ана қазақ тілінде орындаған композицияларын тыңдап қана қоймай, ағылшын, испан, итальян, орыс, француз, қытай және жапон тілдеріндегі әндерден де ләззат алды. Сондай-ақ, концерт көрермендерін Димаш пен арнайы шақырылған қонақ, қабылдаушы елдің өкілі, Бурак Йетер есімді музыкант үлкен тосын сый күтіп тұрды.

Шоу басталғанға дейін, көрермендер жиналып жатқанда, ресейлік Анна Крафт, грузиялық Теона Дольникова, қазақстандық Ерлан Көкеев өнер көрсетті. «YA NA HA» битбокс тобының балалары Димаштың «Fly Away» хит әнін орындап, қызықты каверлерімен көрермендерді қыздырды. Концерттің негізгі бөлігі басталмай тұрып, залды Burak Yater BAND-тың жігерлі DJ SET қарсы алды.

Концерт әртіс пен көрермен арасындағы тұрақты қарым-қатынаста өте жылы атмосферада өтті. Әртіс қазақша, ағылшынша сәлемдесу сөзінен бастап қана қоймай түрік тілінде сәлемдесіп көрермендердің көңілінен шықты және кеш барысында қолтаңба қалдырумен жалғасын тапты.

Бұл кеште талапты халықаралық тыңдаушылардың назарына ағылшын тіліндегі «If I never breathe again», «Fly Away», «Screaming», «Give me your love» шығармалары, қобыздың терең үнімен сүйемелденетін титулдық ән «Stranger», «Together» – Әбілмансұр Құдайбергеннің авторлық шығармасы және ұлттар мен ұлыстар бірлігінің маңызды хабарын жеткізетін Димаштың «The story of one sky» авторлық әндері ұсынылды.

Әр елдегі жеке концерттерінде Димаш бағдарламаға қабылдаушы елдің тілінде шығармаларды енгізуге тырысады. Түрік жанкүйерлері үшін түріктің әйгілі «Gesi Baglar»   әнін орындады. Қонақжай жүргізушілер Димашқа түрік ұлттық аспабы Багламаны сыйға тартты. Димаш жылы қарсы алғаны үшін түрік жеріне алғысын білдіріп, қазақ пен түрік мәдениетінің ортақтығын атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста