Алдағы үш тәулікте республиканың басым аумағында күн салқын, жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, антициклон әсерінен еліміздің батысы мен оңтүстігінде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады.
Ал Қазақстанның қалған аумағындағы ауа райына Батыс Сібір аудандарынан ығысатын суық атмосфералық ағымдар ықпал етеді.
"Сондықтан алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн салқын, жаңбыр жауады. Ауа температурасы климаттық нормадан —2; —4°С төмен болады", — делінген хабарламада.