Еуропа елдері күзде немесе қыста коронавирус инфекцияның екінші толқынына дайын болуы керек, деп мәлімдеді ДДҰ Еуропа бойынша аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph-қа сілтеме жасап.
Ол COVID-19-дың екінші толқыны қазіргіден гөрі өлімге көбірек әкелуі мүмкін деген пікір білдірді және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңа ауруға дайындауға, сондай-ақ вирус жұқтырған адамдардың байланысын бақылау мүмкіндігін арттыруға шақырды.
ДДСҰ аймақтық кеңсесінің директоры сонымен бірге Еуропадағы эпидемия орталығы шығыс елдеріне: Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанға көшкенін ескертті. Ол кейбір елдердің: "Біз Италия сияқты емеспіз", - деп жүргендерін. "Ал екі аптадан кейін - дүрбелең басталып кетеді! Біз өте сақ болуымыз керек", - деп аяқтады шенеунік.
Клюге билікке сенімсіздік және түрлі қастандық теориялары коронавируспен күресуге айтарлықтай зиян келтіретінін айтты.