Дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровтің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровтің жағдайы туралы айтты

Науқас ауруханаға жатудан бас тартты, делінген аталмыш хабарламада.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің коронавирус дертіне шалдыққанына жеті күн болғаны желі арқылы тараған болатын. Бір апта үйінде емделген ғарышке енді ғана ауруханаға жатқызылған.

Дәрігерлер Әубәкіровтың денсаулығы жайлы мәлімет таратты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"ҚР Президентің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының" хабарлауынша,Тоқтар Әубәкіров  тамыздың 21-і күні жөтелге, тершеңдікке, жалпы әлсіздік шағымдарымен жүгінген.. Жедел жәрдем бригадасы үйге жіберілген. Тексеру бойынша: жалпы жағдайы тұрақты, қанығуы 95%, температурасы 36,6 болған көрінеді. ПТР сынамасы алынған.Ал нәтижесі оң болып шыққан. ПТР нәтижелері бойынша қосымша рецепттер мен ұсынымдар беріледі. Науқастың айтуынша, дертпен 6-шы күн ауырған. Ол Сумамедті өз бетімен қабылдаған, ауруханаға медициналық көмекке жүгінбеген, делінген хабарламада.

Тамыздың 23-і күні .аурухананың мобильді тобы үйде тест алып, кеуде сегментінің компьютерлік томографиясын жасады. Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері бойынша ол Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар орталығына ауруханаға жатқызылды.

Науқас ауруханаға жатудан бас тартты, делінген аталмыш хабарламада. Ал тамыздың 24-і күні таңертең науқаспен әңгіме жүргізілді, содан кейін ол орташа COVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды. Екі жақты полисегментальды пневмония  диагнозы қойлды.

Еске салсақ, ұлт мақтанышының бір апта бойы қараусыз жақтаны жайлы Жұмабике Жүнісова өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ғарышкердің өзінің айтуынша, Нұр-Сұлтандағы Президенттің Іс Басқару мекемесіне қарасты емханада тіркеуде болғанына қарамастан дәрігерлер қандай да бір емдік шаралар жүргізбепті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста