Даниал Ахметов иммундық плазма доноры болды

Даниал Ахметов иммундық плазма доноры болды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов иммундық плазма доноры болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жайлы аймақ басшысы Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды. Барлық қажетті талдаулардан өткеннен кейін плазма доноры болдым.

Қан орталығы дәрігерлерінің қадағалауымен 600 миллилитр плазма тапсырдым. Орталық мамандарының жоғары кәсібилігінің арқасында процедура жағымсыз әсерлерсіз әрі жеңіл өтті. Мені бұл қадамға не итермеледі? Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде бұл иммундық плазма COVID-19 инфекциясының ауыр түрімен сырқаттанған науқастарды емдеудің тиімді құралы ретінде дәлелденген. Біздің облыс - плазма банкін құрған бірінші аймақ», - деді Даниал Ахметов. Тек осы аптада өңірде 234 доза дайындалған. Донор болғысы келетіндер саны уақыт өткен сайын көбейіп келеді. «Қанымдағы антиденелер титрі өте жоғары екен. Сондықтан, мен бүгін тапсырған плазма дозасы ауыр хәлде жатқан үш науқасқа көмектесе алады. Құрметті шығысқазақстандықтар, біз біріккенде ғана коронавирус инфекциясының таралуын тоқтата аламыз және қазір жағдайы өте қиын жақындарымызға көмектесе алатынымызға сенімдімін. Денсаулықтарыңыздың мықты болуын және ауырмауларыңызды тілеймін!», - деп жазды облыс әкімі.
inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста