Буын ауруларының өзекті мәселесі талқыланды

Алматы мемлекеттік дәрі­герлер білімін жетілдіру инсти­ту­тында ревматология саласының өзекті мәселелері, оның ішінде ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы аспек­тілеріне арналған жиын болып өтті.
Жиынға Қазақстанның әрбір облы­сын­дағы ревматолог маман­дар қатысып, халық ара­сында буын ауруларын азай­ту төңірегіндегі ойларымен бөлісті. Күн тәр­ті­бінде гендік-инже­нер­лік биологиялық терапия мәселелерін талқылау, облыс­тар­дың штаттан тыс рев­ма­тологтерінің 2012 жы­лы атқарған жұмыс­тары туралы есеп­терін тыңдау, «Сала­матты Қазақстан» мем­лекеттік бағ­дар­ламасы шеңберінде ағым­дағы және алда тұрған міндеттерді айқын­дау сияқты мәселелер қарас­ты­рыл­ды. «Мұндай жиын­дар халық арасында буын ауру­ла­ры­ның санын азайтып, өмір сүру деңгейін ұзартып, мүгедектікке шал­дығу секілді әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешетін болады» дейді дәрі­гер маман­дар. Елімізде отан­­дық рев­ма­тологтер Германияның Шари­те кли­ни­ка­сымен, Шве­цияның Каро­ли­на инс­­ти­­тутымен келі­сім­шартқа отырып, шетелдік маман­дармен тәжірибе алма­су­ды қолға алды.
Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ, ҚР бас рев­ма­то­логі, Буын аурулары орталығының ди­рек­торы, медицина ғылымының докторы:
– Буын ауруларын тиімді емдеуге қа­тыс­­ты өткізіліп отырған бұл мәжіліске бүкіл Қазақстанның ревматолог маман­­дары жиналып отыр. Мұнда білікті мамандар, ғалым­дар осы ауруға қатысты өзекті мәсе­ле­лерді талқылап, оны бірлесіп шешудің жолдарын қарас­ты­ратын болады. Бізде буын ауру­ла­рымен науқастанатын адамдар саны аз емес. Остеохондроз, остеопороз, жүйе­­лі қызыл жегі секілді ауру түрлерін дер кезінде емдемесе, оның арты мүге­дек­тікке шалдықтырады. Қа­зір маман­дарымыздың шетелде білім жетіл­діруіне жағдай жасап отыр­мыз. Алматы мем­ле­кет­тік дәрігерлер білімін жетіл­діру инс­ти­ту­тында алғаш рет рев­ма­то­логия кафед­расын аштық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста