Бұрынғы әкімдер бірауыздан сайланды

Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еркінбек Аязбаевтың айтуынша, саяси науқан барысында ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.
Мәселен, Абай ауданындағы тоғыз ауыл­дық ок­ругтің әкімдері атануға 27 кандидат өті­ніш біл­дірсе, оларға таңдауды аудандық мәс­лихат­тың 11 депутаты жасаған. Нә­ти­жесінде бұ­рын­ғы тоғыз әкім де екінші мәрте халық таңдаған де­путаттардың жүз пайыз сеніміне ие болған. Ал халқының саны әлде­қай­да молырақ Аягөз ау­данында сайлау та­ңер­теңгі сағат тоғызда бас­талған. Мұндағы 23 ауылдық округтің әкім­дерін анықтауға 15 де­путаттың 14-і қа­тысқан. Бір депутат жұ­мы­сының ауысуына орай қатыса алмаған. Ау­дандық мәслихаттың хат­шысы Төлеухан Боз­таевтың мәліметінше, Ая­гөздегі №3 мектептің акт залында ұйым­дас­ты­рылған шараның нә­ти­жесінде үш ауылдық округ­ке жаңадан басшы тағайындалған.
Ауыл әкімдерін сайлау науқаны айма­ғы­мыз­да бүгін де жалғасын табатын болады. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, ауыл әкімдерін сайлаудың нақты нәтижелері алдағы бір тәуліктің аралығында толықтай белгілі болмақ. Сайлаудың заң аясында өтуі прокуратура арқылы қадағаланады. Ал сайлау барысына көңілі толмағандар облыстық сайлау комиссиясына немесе сотқа арызбен жүгінуіне болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста